0 дауыс
304 көрілді
Көпбалалы ата аналарға ноутбук берілді.Ол бізде қалады ма или қайтарып береміз бе?(Оқу үшін берілген болатын)!?

1 жауап

0 дауыс

Осы жылдың Наурыз айында төмендегідей сұқбат берілген екен. Уақытша деп атап көрсетілгендіктен, ол тізім бойынша қайта жиналып алынады деген сөз. 

Уақытша қашықтан оқыту кезінде мектеп оқушылары қажетті техникамен қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқыту жүйесі бойынша қиындықтың туындауы мүмкін екенін жақсы түсінеміз. Бір отбасында бірнеше оқушы оқыса, бір компьютер мен бір смартфонды пайдаланудың ыңғайсыздығы немесе қажетті техниканың мүлдем болмауы мүмкін. Кейбіреулерде интернет байланысы да жоқ. Президент қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді. Бұл мәселе қазір ерекше бақылауда. Әкімдіктермен бірлесе отырып, мектептегі компьютерлерді оқушылар мен мұғалімдерге уақытша пайдалануға беру, тіпті, қажет болған жағдайда, мектептерге қосымша техника (планшеттер немесе компьютерлер) сатып алып, оларды да уақытша пайдалануға беру мәселелерін қарастырудамыз. Кейбір өңірлер бұл жұмысқа кірісіп кетті”, – деп жазды Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.  

...