Қашықтықтан оқыту аяқталғаннан соң, ол таратылған тізім бойынша қайта жиналып алыну керек. Себебі, Уақытша көмек ретінде таратылды деп атап көрсетілген. Осыған ұқсас жағдайлар карантин болмаған тыныш кездерде кейбір ЖОО осылай мұқтаж студенттерге недбук( кіші ноут) тарататын болған. Жыл соңында оны тізім бойынша қайта жинап алатын. Мысалы 2016-2017 жж ҚазҰМУ студенттерге уақытша көмек ретінде недбук таратқан.
Уақытша қашықтан оқыту кезінде мектеп оқушылары қажетті техникамен қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқыту жүйесі бойынша қиындықтың туындауы мүмкін екенін жақсы түсінеміз. Бір отбасында бірнеше оқушы оқыса, бір компьютер мен бір смартфонды пайдаланудың ыңғайсыздығы немесе қажетті техниканың мүлдем болмауы мүмкін. Кейбіреулерде интернет байланысы да жоқ. Президент қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді. Бұл мәселе қазір ерекше бақылауда. Әкімдіктермен бірлесе отырып, мектептегі компьютерлерді оқушылар мен мұғалімдерге уақытша пайдалануға беру, тіпті, қажет болған жағдайда, мектептерге қосымша техника (планшеттер немесе компьютерлер) сатып алып, оларды да уақытша пайдалануға беру мәселелерін қарастырудамыз. Кейбір өңірлер бұл жұмысқа кірісіп кетті”, – деп жазды Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.