0 дауыс
5.0k көрілді
Қолтығыма жүн өсіп кеткен. Бритвамен қырсам қайта өсіп шықпай ма?

1 жауап

0 дауыс

Соңғы кезде қыз-келіншектер артық салмақты ғана емес, артық түкті де басты проблема көріп жүр. Осындай проблемамен алысып жүргендер «артық түктен біржолата құтылуға бола ма екен?» деп өзіне үнемі сұрақ қоятыны да белгілі. Әрине, болады! Әйелдер артық түкке үш аймақтағы жүнді жатқызады: 1.Ерін үсті 2.Қолтық 3.Аяқтағы Ал, мамандар артық түк проблемасынан біржолата құтылудың үш жолын ұсынады. 1.Халық емі 2.Түссіздендіру 3.Лазерлік эпиляция 1-ӘДІС: «Халық емшілігінің қоржынынан» алынған, яғни ертеректен келе жатқан дәрілік өсімдіктер мен заттардың көмегімен іске асады. фото: yandex.com Бірінші кеңес: 1 ас қасық сұлыны (овсянка) кофеұнтақтағышта ұнтақтаңыз. 1 шай қасық сұлы ұнына 2 ас қасық қою бал мен осындай мөлшерде лимон шырынын қосып араластырыңыз. Қолдану: Дайын болған пастаны ерін үстіндегі аймаққа, қолтыққа жағып, 15 минут ұстаңыз. Бірер минут ысқылап, жылы сумен жуыңыз. Аптасына 2-3 рет қайталасаңыз, бір айда артық түктен біржолата құтыласыз. Екінші кеңес: 35 мл спирт пен 5 мл мүсәтір спирті және 1,5 мл йод пен 5 мл кастор майы қажет. Барлығын араластырыңыз. Қолдану: Араласпаны артық түктеріңіз бар аймаққа күніне 2 рет жағу керек. Бір-екі аптадан соң түк түсі өзгеріп, олар өздігінен түсе бастайды. Егер, араласпаның құрамындағы қандай да бір затқа аллергия болса, қолданбаған дұрыс. Үшінші кеңес: Қалақай (крапива) тұқымының майын үнемі денеңізге жағатын болсаңыз, түктерден біржолата құтыла аласыз. Қалақай майы дәріханаларда сатылады. Егер қалақай тұқымының майын таппасаңыз, онда 4 грамм қалақай тұқымын ұнтақтап, 100 мл өсімдік майымен араластырып арнайы дәрі жасаңыз. Араласпаны қараңғы жерге 2 ай тұрғызғанда ол қолдануға дайын болады. Қолдану: Араласпаны сүзіп алып, артық түгі бар теріге жағып отыру қажет.Көп ұзамай түктер түсе бастайды және қайтып шықпайды. 2-ӘДІС: Бұл түктің түсін өзгерту арқылы жүзеге асады. Яғни, түк түсіп қалмайды, тек түсін өзгертеді. Бірінші тәсіл: 1 шай қасық сутегі асқын тотығы (перекись водорода) мен мүсәтір (нашатырь) спиртінің 5 тамшысын араластырыңыз. Дискілі мақтамен түкті аймақты ысқылай сүртіңіз. Күніне бірнеше рет ысқылау керек. Екінші тәсіл: Кәдімгі лимон жемісінің тілігімен түкті сүрту. Неғұрлым жиі қолдансаңыз, соғұрлым түк түсі жылдам өзгереді. Үшінші тәсіл: Ас содасымен компресс жасау. 2 шай қасық ас содасын 300 мл жылы суда ерітіп, түкті дене бөлігіне жағып қойыңыз. 2-3 сағаттан соң жылы сумен шаю керек. Немесе түнде ұйықтар алдында жағып, таңертең жусаңыз да болады. 3-ӘДІС: Лазерлік эпиляция. Бұл түктерді жоюға арналған технология. Қажетті тереңдікке енетін лазер сәулесінің әсерімен түк фолликуласын жойылады. Лазерлік эпиляцияның денсаулыққа зиянсыз екенін дерматология мамандары да растап отыр. фото: afrodita.guru Бүгінде Қазақстаннның барлық қаласында лазерлік медициналық, косметологиялық орталықтар бар, бағасы да қолжетімді (2-10 мың теңге). Жалпы, лазерлік эпиляция процедурасының ұзақтығы – 30-40 минут. Процедураны шашамен 6-7 рет қабылдаған соң, артық түктен біржолата құтыла аласыз. Ескерту: лазерлік әдісті жүктілік және емізу кезеңдерінде, онкологиялық аурулары бар әйелдерге қолдануға болмайды.

Толығырақ: http://ernur.kz/sululyk/murt-pen-koltyk-tuginen-birzholata-kutylugha-bolady

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...