0 дауыс
375 көрілді
Мен А3 форматына графикалық натюрморт салған себебім?

1 жауап

0 дауыс

Оны салған суретшінің өзі анық білуі тиіс деп ойлаймын. Мүмкін әрбір детальді анық ашып көрсеткіңіз келген болар, әсерлілігін арттырғыңыз келген болар. 

Ал жалпы натюрмортты бейнелеуге келсек шарттары мен тәсілдері:

Қойылымға қалай жарық түсіру де аса маңызды. Қойылымның ішкі мағынасын таба білу қажет. Оқу тапсырмасының шеңберінде көркемдік жолдар іздестіру қайшылық туғызбайды, керісінше мамандық шеберлігін ұштай түседі. Заттарды орналастыру жолдарын мұқият іздестіру қажет. Бірнеше кішкентай суреттер салып, соның ішінен ең қызықтысын таңдау керек. Суреттің кеңістігін көрсету үшін алдыңғы жағына ұсақ заттар қою пайдалы. Негізгі заттар тобының алдына ұзынша зат қойып, соның сызығы картинаға көрерменді біртіндеп «кіргізу» эффектін жасауға болады (мысалы: пышақ) 

 Гипсті геометриялық денелерден құралған натюрморт 

Бейнелу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарымқатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Суретті өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары түптік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жанжақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, жарық пен көлеңке композициясы, ырғақ жатады. 

Натюрморт француз тілінен («nature morte») аударғанда« өлі табиғат» деген мағына береді. Натюрморт дегеніміз – заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнелеген көркем шығарма. Натюрморт француз тілінде «өлі табиғат» деген сөз. 

Натюрморт – бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Бұл жанр алғаш рет XVII ғасырда Голландияда және Испанияда пайда болған. Адамды қоршаған заттарды бейнелейтін суретті натюрморт дейді. Ондай заттар қожасының өмірі мен талғамы, үйреншікті әдеттері жайлы көп сыр айтады. Түрлі түсті маталар, ыдыс аяқтар, гүлдер, жеміс жидектер, теңіз байлығы мен түз құстары сияқты әр қилы көрініс үйлесімі қоршаған ортаның байлығы мен сұлулығын дәріптеп қана қоймай, біздің көңілімізді не мұңға, не шаттыққа бөлейді. Қай заманның суретшілері де графика, мүсін, бейнелеу өнерінд талай талай натюрморттар қалдырған. Солардың ішінде XVII ғасырдағы фламанд, голланд суретшілері Ф. Снейдерс, В. Хедтлердің натюрморттары айрықша орын алады. Кеңес суретшілері И.Э. Грабарь, М.С. Сарьян, П.П. Кондальский, И.И. Машков т.б. натюрморттың тамаша шеберлері болды. 

XVII ғасырда голланд тілінде бұл жанр «Stillever» (қозғалмайтын табиғат) деп аталды. Ал қазіргі өнердегі «Натюрморт» термині XVIII ғасырда француз сөзінен алынған. Натюрморт жеке жанр ретінде танылғанға дейін, ол белгілі бір туындыларда қосымша бөлшек ретінде бейнеленіп келеді. Мысалға, XV–XVI ғғ. Венециялық суретшілер шығармаларын алуға болады. Натюрморт – кескіндеменің ерекше өзіндік бір жанры.Ол заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнелейтін көркем шығарма. Ол өзінің бейнелеушілік мүмкіндігімен айрықшаланады. Анық белгілі бір заттардың матералдылығын пайдалана отырып суретші өмірдің айқын жақтарын, талғамын, адамның әлеуметтік жағдайын, мағызды тарихи оқиғаларды бейнелей алады. Осылар арқылы суретші өз ойын, сезімін жеткізе алады. Натюрморт біріңғай біріккен бірнеше заттардан құрастырылады. Сурет салушылар композиция, композициялық орталық, тепе-теңдік, пропорциялық қатынастар, көлем, кеңістік, перспектива заңдылықтармен танысады. Натюрмортты жай геометриялық денелерден бастаған дұрыс. Геометриялық денелер гипстен жасалғаны дұрыс. Себебі, қара фонға орналасқан ақ гипстің бетінде жарық-көлеңке өңдіктері өте жақсы байқалады. Натюрмортты құрастырған кезде мөлшерлері ірі заттарды ортаға орналастырады. Натюрморттың композициялық орталығын құрайды, ал қалған заттар айналасында орналасады.Заттарды бір сызыққа орналастыруға болмайды, себебі олар бірқалыпты ырғақтық әсер береді. Сурет мынадай бірізділікпен орындалады:

• Қағаз бетіне натюрморттың жалпы композициялық орналастыруын қарастыру; 

• Бейнеленетін геометриялық денелердің жалпы пішіндерін және олардың пропорциялық қатынастарын анықтау; 

• Заттарды перспектива заңдылықтарын қолдана отырып талдау; жарық – көлеңке өңдік қатынастарын шешу. 

Заттардың пішіндерін тұрғызғаннан кейін негізгі жарық – көлеңкелі қатынастарын жеңіл штрихтармен көрсетеді.

...