0 дауыс
435 көрілді
Қазақ неге отарлыққа түсті

2 жауап

0 дауыс

Қазақстанның Ресей құрамына енуі туралы мынадай жалпы бір схема (кесте) көп жылдар бойы «ақиқаттың бірденбір көрінісі» деп есептелініп келді:

1) Қазақстан Ресейге қосылмаса, жоңғар шапқыншылығынан халық ретінде құрып кететін еді (алайда, XVIII ғасырдың ортасында Абылай хан мемлекеті жоңғарларды түпкілікті жеңген).

2) Қазақ халқы Ресей арқылы Еуропаның озық мәдениетімен танысты (бұл Америкадағы үндістердің «танысуына» тым ұқсас).

3) Ресейге қосылу нәтижесінде Қазақстанда феодализм шайқалып, озық капиталистік өндіріс тәсілі ене бастады (бай мәдени мұрасы бар үнді елінің ағылшын отарына айналғандағы «жетістіктері» сияқты).

4) Қазақ еңбекшілері Ресей пролетариаты мен шаруаларының революциялық күресіне араласты (бұл маркстік догманы талқыламай-ақ қойса болады).

Отарлау саясаты мәдениетке еш жерде де қолайлы болған емес. Орыс отарлауы қалалық және егіншілік мәдениетті шеткі өңірлерде енгізу мақсатында жүргізілген жоқ. Қайта олардағы барды жоқ қылып, мүлдем жойып жіберуді көздеді. Сөзіміз дәлелді болуы үшін дерек келтірелік. Петербургте 1866—1888 жылдары ай сайын шығып тұрған ғылыми-саяси журналы «Дело» өзінің 1869 жылғы 3-санында былай деп жазыпты: «Ресей үшін қазақтар көшпелі ел қалпында астығымыз бен қолөнер бұйымдарымызға кіріптар болып қалғаны тиімді. Олар тері және басқа шикізаттарды өндіруші ретінде қажет. Сондықтан да оларды жартылай жабайы күйінде ұстау керек». Келесі бір нақ осындай журнал «Отечественные записки» (бұл да Петербургте, 1829— 1884 жылдары шығып тұрған): «Қазақтар Ресей мемлекетіне көшпелі күйінде ғана пайдалы, оларды отырықшы ету орыстар үшін қауіпті» (Отечественные записки. — СПб., 1866. — С. 5) — деп кесіп-пішіп айтады. Бұл жай айтыла салған сөз емес еді, сол кездегі өкіметтің саясатын жариялау болатын.
Еуразия даласын жаулап алған славяндық мәдениет осы даланың байырғы тұрғындарын ноқталап қоюға тырысты. Ресей империясы өз қарауындағы халықтарды ақ патшаға берілгендік идеясында тәрбиелеу мақсатымен әр түрлі миссионерлік тәсілдерді шебер қолдана білді. Осындай ілімдердің бірі Ресейдің басқа халықтар алдындағы тарихи-мәдени миссиясы деген бүркеніш уағыз. Ағылшындардың бай мәдени мұрасы бар үнділерді шырмағаны сияқты, орыстар Орталық Азия мен Қазақстанды отарлау және ассимиляциялау полигоны бейнесінде қарастырды. Тіпті қазіргі күнге дейін осы миссионерлердің таратқан төмендегідей қағидалары қоғамдық санада терең тамыр жайған. Солардың бірі қазақтардың таза мүсылман еместігі туралы ұғым.
Араб алфавитін ығыстыру мақсатымен миссионерлер кириллицаны енгізуге шақырды. Бұл орыстандыру саясатының негізгі құралы еді және олардың түбінде қазақтарды христиан дінін қабылдауға әкелмек ойлары болды. Жас бала өз сауатын туған тілінде ашқанымен, орыс алфавиті арқылы мәдени ассимиляцияға ұшырайтын. Осының салдарынан бұрынғы мәдени бағдар батыс мәдениетіне ауды.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%B7%D0%B3%D0%B5%D1%80%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80_%D1%83%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82%D1%8B_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D0%BE%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%BC%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82

1. Жоңғар орыстың меңгеруінде ғой.  жоңғар шапса соғысса, әсілі қазаққа емес жұртына басакөктеп кірген орысқа жасар еді, үйтпеді, неге? орысқа бодан болып қойып, орыстың айдауында болғасын қазаққа ұмтылған. Жоңүардың бір бөлегі Торғауыт еділ атырауына көшуі де сол, орыс айдап апармаса олардың аталарының басы бар ма  ?!  Өздері барған деп тарих бұрмаланған.
2. Орыс арқылы Европаның озық білімдерді үйренсе баяғыда, жоңғар заманда бастап үйренер едік қой. Іс жүзінде қазырге дейн орысдікін ғана үйреніп келдік.
3.  Қазақта феодализм болмаған. Мысалы жер, әр рудың, әр ауылдың меншігінде, Орыстағындай Романов немесе Сталин тәрізді Пәленбәй әулеттің меншігінде емес.
4. орыстың революциясы Өркениет үшін керітартпа болмады ма?!  Оған араласып не мадақа табыпек..  ?!
Осылай ақпарат берілген екен.
+2 дауыс
Отты қару жарақ болмағандықтан,  негізі.  Алайда түпкі себебі, сол отты қару жарақ дамытып жатқан европа еліне Қазақ ұлысы байланыссыз,  бейқабар болуы.  Әйтпегенде, жұңғар, қоқан, орыспен соғысқанда керек отты қару жарақты,  ұқсатып өндіріп алмасақ та,  сатып алар едік қой.  Соғыста ұтылмасақ,  отарлыққа түспес едік...
...