0 дауыс
17.3k көрілді
Апам түсінде маған сырға салып жатқанын көріпті ол нені білдіреді?)

1 жауап

0 дауыс

Егер жас  бой жеткен қыз болсаңыз тек жақсылыққа деп балаңыз. Басқаша жағдайда да жамандыққа жоритындай емес деп ойлаймын. Мүмкін ұйықтар алдында сол оймен жатып ұйықтаған болар әпкеңіз. Ал түс жору бойынша жалпы сырға көрсеңіз юылай жориды екен:

Түсінде сырға болса. Түсте сырға тағу.

Сырға неге түске кіреді? Сырға сізді шынайы өмірде қатты қызықтыра алатын қандай да бір іс-қимылды білдіреді. Алтын бағалы сырға – сіздің кесіріңізден туындайтын қиындықтарға. Құлағыңыздағы ғаухар тастары бар әшекей- жақсы белгі. Жақын арада әріптестеріңіздің арасында жақсы беделге ие болып, мансап жолында табысқа жетесіз. Қолыңызда алтын сырға ұстап тұрсаңыз, өмірде бастаған әр ісіңіз сәтті жүреді. Бұл -армандарыңызды іске асыратын ең қолайлы кез.

Романтикалық түс жору бойынша сырға нені білдіреді?

Біреу сізден әшекейіңізді сұраса немесе тартып алса, аяқ асты шыққан қарсыласыңыздың кесірінен сүйіктіңізден айырылып қалу қаупі бар. Сырғаңызды қайтарып ала алсаңыз, бұл тайталаста жеңіске жетіп, жауларыңызды тойтара аласыз. Алтын сырғаны түсінде жігіті бар қыз көрсе, ғашығының адалдығынан күмәнданбаса болады. Сезімдері ешқашан өшпей, махаббаттары мәңгі болады.

Медиум Хассе түс жоруы бойынша сырға неге түске кіреді?

Сырғаны табу – қуаныш пен табысқа; жоғалту – шошынуға; тағу – құпияны білуге; сатып алу – ата-ана мен достардың көңілін қалдыруға; сындыру – опасыздыққа. Сырғаны көру – жағымды жаңалықтар мен қызықты жұмысқа; сынған сырға – дұшпандарыңыздың сіз туралы жалған өсек таратуларына.

Сырға – қызыңыздың өмірі туралы хабарлайды, сонымен қатар біреудің құпияларын сақтауыңызға тура келеді. Оны тағу – махаббатағы қиындықтарға, төмен табысқа және өсекке. Отбасылық түс жору бойынша сырғаны көру – жақсы жаңалықтар мен үй ішіндегі жағамды шаруаларға. Егер бұл түсті сәрсенбіден бейсенбіге ауған түні көрсеңіз, қонақ күтесіз. Сейсенбіден сәрсенбіге немесе жұмадан сенбіге өткен күні көрген түс өсектерден сақтануыңыз керек екенін білдіреді. Олар сізге бөгет жасауы мүмкін.

Айна алдында әдемі сырға тағу – әйелдер үшін жақсы белгі. Ол жақын арада махаббат туралы армандарының орындалатынын білдіреді. Егер, сырғаның сыңарлары бірдей болса, тілегі екі аптада орындалады, әр-түрлі болса, екі аптадан кейін, ал бір сыңарын бірден жоғалтын алса 47 күннен кейін. Еркек үшін түсінде сырға тақса, 11 күннен кейін бастығы масқара қылады немесе әйелі тастап кетеді. Студенттер үшін жеңіл оқу мен бақылаулардан оңай өтетінін білдіреді. Тек екі пән бойынша ғана қиналады, алайда экзаменнен екі күн бұрын қиын бағдарламаларды қайталаса, қолдарынан бәрі де келеді.

Ислами түс жору бойынша сырға

Ұлдың дүниеге келуін немесе қызын тұрмысқа беретінінің белгісі. Әйелінің құлағында сырға көрген адам саудамен айналысады. Екіқабат әйел алтын сырға тақса, ұлды болады, бұл түсті көрген бойдақ қыз тұрмысқа шығады. Күміс сырға дүниеге қыздың келетінін білдіреді. Меруерт сырға – әсем, әрі бақуатты өмірдің белгісі. Ер адам үшін сырға тағу қандай да бір ағат нәрсе жасайтынын білдіреді. Кей жағдайда бұл түс еркектің әдемі ән айту дарыны бар екенін де хабарлайды.

https://www.tuszhoru.kz/%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5-%D1%81%D1%8B%D1%80%D2%93%D0%B0-%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%81%D0%B0-%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D0%B5-%D1%81%D1%8B%D1%80%D2%93%D0%B0-%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%83/

Ұқсас сұрақтар

...