Әдеби тіл — жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.
Көркем әдебиет тілі —
- 1) көркем шығармалардын тілі, кейбір коғамда ол күнделікті практикалыктілден ерекше болып келеді, бұл мағынада Көркем әдебиет тілі тіл тарихы мен әдеби тіл тарихынын пәні болып табылады;
- 2) проза мен өлендегі көркем мәтіндердін, олардын жасалуы мен окылуынын негізіне жаткан поэтикалыктіл, ережелер жүйесі. Бұл ережелер лексика, грамматика, фонетикада бірынғай болғаннын өзінде кашанда күнделікті тілдін ережелерінен ерекше болып келеді.
Бұл мағынада Көркем әдебиет тілі ұлттык тілдін эстетикалык көрінісі ретінде поэтиканын, оның ішінде тарихи поэтиканың, әдеби семиотиканың пәні болып табылады.
Күнделікті карым-катынас диалектілерде іске асырылатын, жалпы әдеби тілі жоқ қоғамдарда Көркем әдебиет тілі сөйлеудің "диалектіден жоғары" түрі ретінде кызмет аткарады. Өте көне үнді еуропа поэзиясынын тілі, көне түркі ескергкіштерінің тілі жөнінде осындай пікір бар. Көне Грециядағы Гомердін "Илиада" және "Одиссея" поэмаларынын тілі бірде-бір жергілікті диалектімен сәйкеспейді, ол тек көркем өнердің, эпостын тілі.
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D1%80%D0%BA%D0%B5%D0%BC_%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8%D0%B5%D1%82_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96