+2 дауыс
Маған жинақтық сан есімі бар көркем әдебиеттен мысал тауып беріңдерші,өтініш.
21.11.2014 9.2k қаралым

3 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Дәулетінің молдығы Нұртазаны жүз орап алатын Әлти жалшыны екілеп-үштеп емес, елулеп-алпыстап жалдайды (С. Мұқанов). Мағрипа осының екеуінің де дәмін татты. (Оралхан Бөкей. "Жесірлер"). Қыс қаттырақ болып, биелеріміздің біразы іш тастап, сауамыз деп отырған биеміз үшеу-төртеу-ақ еді.(С. Мұқанов) Қосшығұлдың тірі бес баласының бесеуі де өте зор денелі адамдар.(С. Мұқанов. "СІБІР ӘНШІ"). 1944 жылғы бірінші қыркүйек күнінен бастап, екеуін тапқан жерде ұстайтын үкім шығарып, үйездік үкімет атынан Ма шяньгон мөр басқан бұйрық еді. (Жанат Ахмади. "Дүрбелең"). Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І. Жансүгіров)
21.11.2014
көп көп рахмет
оқасы жоқ)
0 дауыс
білмеймін өздерің табыңдар
16.02.2017
0 дауыс
маған КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕРДЕН КӨНЕРГЕН СӨЗДЕРДІ ТЕРІП ЖАЗЫП, ҚОЛДАНЫС САЯСЫН ТҮСІНДІР дейді, көмектесініздерші ПЖ
12.12.2018

Ұқсас сұрақтар

127,959Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,996Қолданушы