1. Дөңес көпжақтың әрбір төбесінен үш қыры шығады. Егер оның 12 төбесі бар болса, онда оның неше қыры болады:
А) 12; В) 16; С) 18; D) 24?
2. Дөңес көпжақтың әрбір төбесінде үш үшбұрышты жақтары түйіседі. Егер оның 4 жағы бар болса, онда оның неше төбесі болады:
А) 4; B) 6; C) 9; D) 12?
3. Дөңес көпжақтың жақтары- үшбұрыштар. Егер оның 12 қыры бар болса, онда оның неше жағы болады:
А) 6; В) 8; С) 9; D) 12?
4. Дөңес көпжақтың 10 төбесі мен 15 қыры бар. Оның неше жағы болады:
А) 5; B) 7; C) 9; D) 12?
5. Дөңес көпжақтың 6 төбесі мен 5 жағы бар. Оның неше қыры болады:
А) 5; B) 7; C) 9; D) 12?
6. Дөңес көпжақтың 12 қыры мен 8 жағы бар. Оның неше төбесі болады:
А) 6; B) 7; C) 8; D) 9?
Осы есептердің берілгені, сызбасы, шығару жолы және жауабы керек. Рахмет!