0 дауыс
2.5k көрілді
Жеке адамның ерік-жігері және моральдық жауапкершілігі

1 жауап

0 дауыс

Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, тарих т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейтесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдың, М.Ф.Харламовтың “Педагогика” (М. 1995-1997) атты еңбектері, Н.Козлованың “Тәрбие теориясына кіріспе” (М. 1990), В.М.Гинецинскийдің “Педагогика теориясының негіздері” (М.1994), Б.С.Гершунскийдің “XXI ғ. білім берудің философиясы” (1998), В.А.Сухаевтың “Біз әр түрлі тілде сөйлейміз” (1998), А.Ф.Малышевский, В.А.Корпунин, К.С.Пироговтардың “Философияға кіріспе” (1995), А.С.Арсеньевтің “Жеткіншектер философтар көзқарасымен”, А.М.Қасабеков пен Ж.Алтаевтың “Қазақ философиясының тарихына кіріспе”, Д.Кішібековтың “Философия” (1994), Г.К.Нүрғалиеваның “Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, практикасы” (Алматы, 1995) секілді ондаған монографиялық аса құнды ғылыми еңбектер жарық көрді.

Бұл еңбектердің бәрінде де жеке тұлға мен қоғамдық қарым-қатынас, жаңа қоғам мүшелерін тәрбиелеудің өзеісгі мәселелері сөз болады. Әсіресе, Д.Кішібековтың “Философия” атты еңбегінде: “Жеке тұлға деген не? Тұлғаның қоршаған ортаны танып білу механизмі қандай? Таным процесіндегі қарым-қатынастың маңызы қандай? Жеке тұлғаның ұжымдағы орны деген не?” — деген мәселелер философиялық тұрғыда жан-жақты талданған.

Осы еңбектерге сүйене отырып, жеке тұлға деген не, оның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты, әр адамның айналасын танып білуінің сыры неде деген мәселелерге тоқталамыз.

Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ бірк мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.

Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігі бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес.

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.

Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіңдік ой-пікірі көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі занды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа тандана тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін.

Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына физиологиялық, психологиялық, биология. ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екі адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулеі сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалар ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.

Сонымен бірге, адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына ” білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатын ескеруге де тура келеді. Жеке тұлғаның ой-санасын білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Бұған қоса, әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалының зор болатынын байқаймыз. Міне, осы жағдайлардың бәрін ескере келіп, К. Маркс жеке тұлғаның ерекшелігі жөнінде “Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуын оның өзінің мінез-құлқы жағынан белсенді әрекетіне және әр түрлі әсерленуіне қарамастан, саяси-экономикалық, идеологиялық, адамгершілік-эстетикалық, діни т.б. қоғамдық қатынастардың бірлігінде қарастыру керек” — деген қорытындыға келді. Оның себебі, ол қатынастардың өзара байланысы, бір—біріне ықпалы қоғамдық ортада біркелкі болмайды да, ол адамдарға әр түрлі дәрежеде әсер етеді, сондай-ақ адамдардың басқалардың көзқарас, ой-пікірлерін қабылдау дәрежесі де түрліше болады.

Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей болмайды.Сондықтан әр адамды өзінше дараланған жеке тұлға деп қараймыз. Бір қоғамда өмір сүрушілерге ортақ әлеуметтік, моральдық-этикалық зандардың ортақтығына қарамастан, жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым-қатынаста айна қатесіз бірдей болуы да мүмкін емес. Олай болса, “жеке тұлға” деген түсінікке не кіреді? Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерінің қандай түрлері жеке тұлғаны анықтай алады дегенге, ол сана мен өзін-өзі саналандыру қасиеттері деуге тура келеді. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бірін-бірі бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Олар көбінесе өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Абайдың өмірде “Көре алмас іші тар, несі артық менен” деушілердің көп болатынын дөп басып айтуы да осы ойға саяды. Сонымен бірге, жеке тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың бойындағы қасиеттермен салыстырып көре, тани білуге, соған теңелсем, сондай болсам екен деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті.

Жеке тұлғаға тән қасиет — ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз — миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.

Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негіздследі. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына

тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады, толықтырады.

Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өз бойының жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. Осы қасиетті көре білген Абай:

“Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз”, — деп текке айтпаса керек. Адамның есі оның ішкі ой-сезімімен тығыз байланысты.

“Сезімнің сыртқа шықпас әлі бар ма.

Оны ұғарлық адамда сана барда” — деген Абай сөзі де осыны растайды.

Мысалы, суретші алдымен өз ойында қорытылған ішкі сезімді жинақтап,қыл қаламмен, бояу құдіретімен айналасындағыларға сурет арқылы бейнелеп береді немесе ақын, жазушы өз замандастары туралы әссе жазу арқылы олардың жақсы, я жаман қасиеттерін оқырмандарға білдіреді.

Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы, яғни өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі, көрінісі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз — адамның өзіне тән жеке басы қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нәрсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразасына салып, осы істі іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? — деген ойға қалады. Олай болса, ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.

Ерік өлді немесе әлсіз, сылбыр немесе қайратты, сақ немесе бұзып-жарушы болып бөлінеді. Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп “мың ойланып, жүз толғанып” іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып,кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты.

Сонымен бірге, тұлға дегеніміз — сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Мысалы, стадиондағы футбол жарысына қатысушылардың

қызбалылығынан осыны байқаймыз. Театрда спектакльді көріп отырып, біреулердің солқыдап жылауы немесе ішегі қатып күлуі әрбір жеке тұлғаның ішкі сезімінің сыртқашығуы.

Алайда әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатьш қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімін ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.

Сонымен, жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиетгер оның санасына, өзіне-өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түсінік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік-жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс демекпіз.

Әрине, бұл қасиеттер жеке адамның тұлғалық бейнесін айқындай алмайды. Жеке тұлғаны анықтауда оларды тұтас бірлікте қарастыруға тура келеді. Бұл қасиеттер бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі жоқ деп қарағанда ғана әр тұлғаға тән өзіндік “менін” айқындай аламыз. Әр адамның тұлға ретінде қалыптасуы адам өмірінде сыртқы күштердің — табиғаттың және әлеуметтік жағдайлардың әсерімен, ішкі күштердің бірлігінде ғана іске асырылады.

Біз әр адамның өзіндік өмір жолы бар деп қарасақ, оған туған-туысқандары мен жора-жолдастарының да, мектептес, сыныптас достарының да, ауыл-аймақтың да әсерінің болатынын естен шығаруға тиісті емеспіз, яғни жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру ісінің қоғамдық ортадан тысқары болуы мүмкін емес.

Ж. Ммауытов 1918 ж. өзінің “Абай” журналывда жарияланған “Тәрбие” атты мақаласында “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара әсерлер адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі, мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ. Қысымшылық көрген, жасқаншақ болған, жалыншақ, жабыңқы елдің баласы да сондай болмақ. Ашық көңідді, сауықшыл ел-жұрттың баласы да сондай болмақ. Діндар елдің баласы діндар келеді. Тәрбиеге үлкен әсер беретін шарттың бірі — медресе. Баланың ақылын арттырып, білім беретін, ілтипатты, табанды, талантты, ыждаһатты қылатын, өмірлік азық беретін жақсы медресе болу керек” — дейді.

Ұлы ойшыл Абайдың “Әркімді заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандастарының бәрі виноват” деуі де адам тәрбиесінің қоғамдық ортамен тығыз байланыстылығына саяды.

Адамныц білмегенді білуге құмарлығы. Адам мінезіне тән қасиетгер — әсерленушілік сезімімен бірге оның түпсіз құмардығы да болып саналады. Оның ауқымы өте кең: ол мейірімділік пен опасыздықтан басталып, аспандағы және жер бетіндегілердің бәріне, .мәңгілік және діни ырымдарға деген құштарлықты қамтиды. Адамзаттың құмарлығын ашуға арналған мыңдаған көркем шығармалар, философиялық және діни трактаттар, публицистикалық эсселер бар. Адам жанына көсемдік, үстемдік пен жауыздық, көре алмаушылық пен қызғаншақтық, билік құмарлық пен сарандық т.б. қасиеттердің бәрі тән. Тіршілік атаулы бүкіл әлемдік құмарлыққа негізделген. Онсыз адам баласының күйініш-сүйініші болмақ емес.

Білуге құмарлық күшті, ауқымды, күйреткіш немесе әлсіз, қалғыған болып келеді. Көбінесе ол адамдарды күйретуге қабілетті, оның бүкіл өмір жолын өзгертуге әкеп соқтырады. Біздің құмарлығымыз басқаларға ерекше әсер етіп, өлгенін тірілтіп, өшкенін жандыруы мүмкін. Құмарлық жақсы болсын, жаман болсын өмір сүреді. Сүйіспеншілік пен қызғаншақтық, жақсылық пен жамандық өмірде егіз жүреді. Мысалы, Дездемонаны құлай сүйген Отеллоның оны өлтіріп тынуы осы асқан құмарлықтың, ғашықтықтың әсері. Немесе “Қыз Жібек” жырыңдағы Бекежанның Төлегенді өлтіруі, оның Жібекке деген сүйіспеншілігінен туған құмарлықтың нәтижесі. Әсіре құмарлық жақсылыққа да, жауыздыққа да апарып соқтыруы мүмкін.

Адам жаратылысынан білмегенді білуге құмар. Білімге құмарлық та қызығушылық туғызып, адамға білмегенді біліп тынғанша жай таптырмайды. Әсіресе әйелдердің құпияны білуге деген құмарлығы ерекше. Л. Толстойдың “Сырыңды жасырам десең, жарыңа айтып көр, жарты әлем білмесіне мен кепіл” деуі осыны меңзейді.

Балада да білмегенді білуге құмарлық күшті болады. Ес білмейтін баланың қолына ұстағанның бәрін аузына салып, тістеп, сорып немесе ойыншықты қиратып, ішін ашып көруге құмартуы, бала бойындағы іштен туа біткен құпияны білуге деген инстинкттік құмарлықтың әсері.

Әдетте, бала жаны күпияны білуге құмартып тұрады. Егер балаға бірдемені істеме, бүлдірме десең, ол әдейі бүлдіруге, істеме дегенді істеуге тырысып бағады. Адам баласына тән құмарлық — білмегенді білуге, табиғи, жасырын сырдың құпиясын ашуға деген ынталылық адам физиологиясының ішкі сырына тән қасиет. Сондықтан адамнын құмарлығы дегеніміз — адамның бойындағы қарама-қайшы сырларды ашуға кілт болып табылады. Ол білмегенді білуге талпыныс жасауға, іс-әрекетке итермелейтін ішкі фактор. Әр адамға өзіндік жасырын сырға толы жұмбақ тұлға деп қарасақ, басқалардың мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі жұмбақ, ішкі сырын білуге деген құмарлық та әр тұлғада әр түрлі болады. Мысалы, біреу өз жолдасынан бір жасырын сырдың шетін естіп сезсе-ақ, соны тәптіштеп сұрап білуге құмартады. Ал екінші біреу өзі айтпаса, оған ерекше назар аудармайды.

Енді адамның өмір сүруінің құндылығы неде дегенге келсек, ол өмірде өзінің құмарлығын қандыруды місе тұтпайтын, өзі өмір сүруге қажетті шекараны атгап өтіп, өзінің мүмкіндіктерінен арғы нәрсені де білуге тырысатын жан иесі. Мысалы, 4—5 жасар баланың аспандағы айды, күнді, жұлдызды көріп: ол қалай тұр? Бірде көрініп, бірде неге жоқ болып кетеді? Үнемі неге көрініп тұрмайды? — деген сияқты сансыз сұрақты қойып, құпия сырды білгісі келетіні осыған айғақ. Біз бұдан жеке тұлғаның қасиетгерін білу шекарасының аса кендігін байқаймыз.

Толығырақ: https://referattar.kazaksha.info/

...