- Адам құқығы мен бостандығы
Құқық ұғымы Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы камтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық — нормативтік құкықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек — субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және тоқтатылады. Мәселен, 1999 жылдың 1 маусымынан бері "объективтік құқықтын" негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін жүруге деген "субъективтік құқықтары" тоқтатылып, жеңілдіктер алынып тасталған. Құқық бұл керсетілгендерге қоса, оқу пәні ретінде де түсініледі (әкімшілік құқық, Азаматтык, құқық, Еңбек құқығы және т.б.)- Құқықтық объективтік және субъективтік мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігі де жоққа шығарыл-майды. Осыларға қарап құқықтың аса күрделі категория екенін білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз — мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.
Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интерпационализм, гуманизм.
Халықаралық құжатарда және қазақстандық заңдарда мынадай екі ұғым қолданылады: «адам құқығы» және «адам бостандығы». Заң тұрғысынан адам құқығы мен адам бостандығының бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Дегенмен, белгілі бір өзгешеліктері бар. Мұны осы екі ұғымның анықтамаларын салыстыра отырып байқауға болады.
Бостандық — елдің ішкі және сыртқы саясаты саласында әлеуметтік субъектілердің (жеке адамның, топтардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың, т.б.) өз мақсаттары мен мүдделеріне орай әрекет жасау еркіндігі; құқықтық мүмкіндіктер аясы. Адамдардың қол жеткізген Бостандықтары тарихи дамудың нәтижесі болып саналады. Қоғамдық дамудың кейбір қайшылықтары мен кереғарлықтарына қарамастан, қайсыбір тарихи кезеңдерде жеке адам иеленетін Бостандықтар аясы кеңи түсетіні дәлелденген. Ал “саяси Бостандық” ұғымы азаматтардың саяси белсенділігін, саяси өмірге ұдайы қатысып, қоғамдық оқиғаларға, әлеумет үшін мәні зор шешімдер қабылдау процесіне тікелей ықпал етуге қабілеттілігін білдіреді. Оның іргелі қағидалары Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясында негізделген. Жалпы, саяси Бостандық негіздері кез келген өркениетті елдің конституциясында, арнаулы заңдары мен құқықтық жосындарында бекітілуге тиіс. Мысал, ҚР Конституциясында азаматтардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауына және оларға сайлануына шек қойылмайды; сондай-ақ, сөз және шығарм. бостандығына кепілдік беріледі; цензураға тыйым салынып, еркін түрде ақпарат алу және тарату еркі берілген, әркімнің ар-ождан, бірлесу бостандықтарын иеленуге құқы бар. Осы орайда адамдар, әлеум. топтар мен жіктер өздерінің құқыларымен қатар жауапкершіліктерін де айқын ұғына отырып, саясат субъектісі ретінде көрінуге тиіс. “Саяси субъектілік”, яки саясат субъектісі болуға қабілеттілік дегеніміздің өзі Бостандық мәселелерімен етене байланысты ұғым. Азаматтардың Бостандықтары аясы кең, құқықтық мүмкіндіктер өрісі неғұрлым биік болған сайын, елдің демократия даму деңгейі соғұрлым жоғары бола түседі.
Адам бостандығы - бұл мемлекеттің араласуы тиіс емес қызмет салалары. Ол тек құқықтық нормалар арқылы солардың шеңберінде адамның өз қалауы бойынша іс-әрекет етуін белгілейді. Мұндайда мемлекет нақты адамның бостандығына араласпауы тиіс, сондай-ақ мемлекет бұл бостандықтардың басқа тұлғалардың араласуынан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Адам құқығы – заңда көрсетілген саладағы мемлекет белгілеген және кепілдік беретін адамның мүмкіндіктері мен өкілеттіктері. «Адам бостандығына» қарағанда «адам құқығы» терминінің аясында адам қызметінің нақты бағыты бекітіледі. Мемлекет заңда көрсетілген салада адамның іс-әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етуге және қорғауға міндеттеме қабылдайды.
Адам құқығы және бостандығы адамның құқықтық мәртебесін белгілейтін, оның жағдайын бекітетін, жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынасты, адамның және мемлекеттің қатынастарын бекітетін халықаралық және ұлттық нормаларының жүйесін білдіреді. Адам құқығының және бостандығының объективті түрдегі анықтамасы осындай. Субъективті түрде адам құқығы және бостандығы нақты тұлғаға тиесілі құқықтық нормалар мен көзделген мүмкіншілігі (өкілеттігі) және мемлекет қорғайтын іс-әрекеті ретінде анықталады.
Адам құқығы табиғи қасиетке ие және жеке адамнан ажырамайды, олар аумақтық немесе ұлттық шеңбермен шектелмейді, халықаралық құқықтық реттеу және қорғау объектісі болып табылып, мемлекеттің заң актілерінде бекітілгенге қарамастан тәуелсіз болып табылады. Олар адамды сипаттап және оның қалыпты өмір сүруіне қажетті жалпы әрі негізгі өкілеттіктері болады. Адам құқығы мемлекеттің нақты заң актілерінде белгіленген жағдайда олар осы мемлекет азаматының құқықтары болып табылады.
Азаматтық құқық қоғамның және мемлекеттің даму барысында жасалған және пайда болған табиғи өкілеттіктерінің мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерде көрініс табуы болып табылады. Азаматтық құқық міндетті түрде конституциялар мен басқа заң актілерінде белгіленеді және мемлекет оны жария етіп әрі олардың қорғалуын қамтамасыз етеді. Олар адамды мемлекеттік ұйымдасқан қоғамдастықтың мүшесі екендігін білдіреді.
Бұл екі құқық санаты әдетте бір тұрғыдан еске алынады, дегенмен олардың мазмұны бірдей емес. Адам құқығы негізгі болып табылады, қай жерде туғанына, қай елдің азаматы екендігіне, сол елде тұратындығына немесе тұрмайтындығына қарамастан олар барлық адамдарға тән, ал азаматтық құқық белгілі мемлекеттегі адамның сол мемлекетте тұрғандығына байланысты бекітілген құқықтарын кіргізеді. әрбір азаматқандай-да болмасын мемлекетте жалпыға бірдей адам құқықтарына және осы мемлекет мойындаған азаматтық барлық құқықтардың жиынына ие. Сондықтан құқықтар мен бостандықтардың екі тобын біріктіретін «азаматтық құқықтар және бостандықтар» термині заңды болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықтар адамның негізгі құқықтық мәртебесін білдіреді. Олардың көпшілігі абсолюттік сипатта, яғни тек қана ажыратқысыз болып табылмайды, сонымен қатар олар шектелуге жатпайды.
Адам құқықтары мен бостандықтары (АҚБ) - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс- әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды даму сатысында өмір сүрген ли¬берализм өкілдері - Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. ойшылдар АҚБ-на баса назар аударды. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын, би¬ліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына қарай АҚБ азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (1948 ж., 10 желтоқсан) баяндалған. Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша:
"1. Қазақстан Республикасында Конституңияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі;
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олар дан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады"
https://www.referat911.ru/Grajdanskoe-pravo/adam-yy-men-bostandyy/174170-2267475-place1.html