0 дауыс
1.4k көрілді
1)Изотермалық сығылу барысында газ қоршаған ортаға 800 Дж жылу берді. Газ қандай жұмыс атқарды? Сыртқы күштер қандай жұмыс атқарды?

Сұрақ- жауап.

1. Изотермалық процесс қандай шама өзгерісі қалғанда жүреді?

2. Т = const жағдайында ішкі энергияның өзгерісі туралы не айтуға болады?

3. Бұл жағдайда жұмыс атқарылады ма?

4. Газдың жұмысы қандай жғдайда оң/теріс?

5. Термодинамиканың бірінші заңы қалай жазылады (осы процесс үшін)?

6. Газға белгілі бір мөлшерде жылу беретін болсақ, оның температурасы тұрақты болып қалуы мүмкін бе?

1 жауап

0 дауыс

газдың ішкі энергиясы өзгермеген дегенді білдіреді => барлық сыртқы күштердің жұмысы жылуға жұмсалды A сыртқы = Q = 800Дж 

Газ сығылды, демек ол энергияны сақтау заңынан теріс жұмыс жасады | А газ | = Q => А газ = -Q = -800Дж

Изотермалық процессизотермиялық процесс – физикалық жүйеде тұрақты температурада жүретін процесс; термодинамикалық күй диаграммасында изотермамен кескінделеді.

Изотермалық процессті жүзеге асыру үшін жүйе, әдетте, термостатқа орналастырылады. Бұл жағдайда термостаттың жылу өткізгіштігі өте үлкен болып келеді де, жүйе температурасының іс жүзінде термостат темп-расынан айырмашылығы болмайды. Изотермалық процесстің мысалына тұрақты температурадағы сұйықтықтың қайнауы не қатты дененің балқуы жатады. Изотермалық процесс кезіндегі идеал газда қысым мен көлемнің көбейтіндісі тұрақты болады. Изотермалық процесс кезінде жүйеге белгілі бір жылу мөлшері беріледі (не одан белгілі бір жылу мөлшері алынады) және оның есебінен сыртқы жұмыс жасалады. Идеал газ үшін ол жұмыстың шамасы мынаған тең:

{\displaystyle A=nkT\cdot \ln \left({\frac {V_{\mathrm {2} }}{V_{\mathrm {1} }}}\right)}

Егер фазалық ауысу болмаса, онда изотермалық процесс кезінде қатты дененің және көптеген сұйықтықтардың көлемі өте аз өзгереді.

...