+4 дауыс
17.4k көрілді
ләззат асанов туралы казакша реферат ким тауып бере алады

1 жауап

+2 дауыс

АСАНОВА Ләззат 1970 жылы 27-шілдеде Талдықорған (қазіргі Алматы) облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық (қазіргі Айдарлы) ауылында дүниеге келді. Жастайынан зерек болған Ләззат мектепті үздік бітіріп, Алматыға оқуға келген.

1985 жылы Алматыда П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен қазақтың қайсар қызы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болды. “Мінезі тік екен, бөлмесіндегі қыздармен қақтығысып қалып, жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлді” дегенге Ләззаттың анасы Алтынай Асанова әлі күнге дейін сенбейді. Анасының айтуынша, сол кездегі 16 жасар (екінші курс) қызының өлімі — әлі күнге дейін жұмбақ.

Л.Асанова 1986 жылы 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерлісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеуіне наразылық білдіріп, қаладағы Брежнев алаңына (қазіргі Республика алаңы) алғашқы болып барушылардың қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен жастарды жігерлендіріп жүрді.

Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айыпталып, қамауға алынды. 1986 жылғы 17-18-желтоқсанда Алматыда болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф. Игнатовтың мәліметтеріне карағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылғанда, ол туралы “жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген” деген кауесет таратылған. Мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік кауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Жерлеу рәсімін жылдамырақ өткізуге бұйырған. алайда анасы оған қарсы болып, Ләззатты жерлеудің алдында денесін ашып көрген кезде оның денесінің сау екендігі, тек шүйдесі (бастың екі жағы) ойылып кеткені анықталды. Мұны көрген анасы ол кісі қолынан каза тапқан болуы әбден мүмкін деген тоқтамға келді. Себебі, бесінші қабаттан құлаған адамның денесі қалайша сау болуы мүмкін?!

Ләззаттың ақталуы

Ләззаттың анасы қызын қанша ақтауға тырысса да ойлағаны іске аспайды. Желтоқсан көтерілісіне бес өткенде ел тәуелсіздігін алды. Бірақ ол кезде де ақталмады. Желтоқсан көтерілісіне он жыл толғанда анасы Алматыға келіп перзентін ақтап алу үшін Ләззаттың өліміне қатысты істі қайта қаратады. Сот процесі сегіз айға созылып, соңында, 1997 жылы Бас прокуратураның тексеруiмен қазақтың өжет қызы ақталды. Сот процесі барысында оған дейін құпия сақталып келген деректер мәлім болды. Мысалы, Ләззаттың құрбы-құрдастары Желтоқсан көтерілісінен кейін оның үш күн бойы жоғалып кеткендігін, тергеу қызметкерлері одан көтеріліске шыққан адамдар туралы мәлімет беруін талап еткендігін айтқан. Бірақ өжет қыз достарына адал болып, оларды сатпағандығы сотта анықталды.

Ләззатты қаралау айдың-күннің аманында да орын алды. 2004 жылы ”Ана тілі” газеті мазмұны “Ләззат Асанова Желтоқсан көтерілісіне қатыспаған” дегенге келетін мақала жариялады. Мақаланың авторы Желтоқсан көтерілісі кезінде Ләззат оқыған музыкалық училищенің оқытушысы болып, Ләззатқа сабақ берген Күлсара Ізтілеуова болды.

Алтынай Асанова қызының ар-намысына нұқсан келтірген ватор мен ол мақаланы газетінде жариялаған редакторды, Мереке Құлкеновты (1997-2006 жылдардағы бас редакторы), сотқа беріп, жеңіп шығады.

Ләззат Асанова бір емес, екі рет ақталды, бірақ оның не үшін және қалай өлгені құпия күйінде қалуда.

1997 жылы және 2004 жылы Ләззат Асанова  ”Халық қаһарманы” атағына ұсынылған болатын. Алайда, атақты тағайындайтын комиссия Ләззатқа ол атақты бермеді. Бұған ренжи қоймаған анасы : “Менің ойымша, қаһармандықтың атақ берілу-берілмеуі шарт емес. Қарапайым халық Ләззатты “Батырым!” деп бағалайды. Бұдан артық баға жоқ” – деді.”

Ақпарат көзі: http://www.malimetter.org

1997 жылы Бас прокуратураның тексеруiмен қазақтың өжет қызы ақталды. 

-----------------------------------------------------------------------

Тәуелсіздік алғаннан соң 6 жылдан кейін неткен опасыздық!  16 желтоқсан күні тәуелсіздік алған күні олар ақталған күн. Олар сол үшін жан берді.

...