Сіз Қазақстанды қалай таныстырар едіңіз мысалы әдемі жері немесе басқа да

0 дауыс
628 қаралым
• Санаты: Жалпы сұрақ | 628 қаралым

2 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Аллахқа мың да бір шүкір, Қазақстанның ауызды толтырып, ұялмай, мақтана отырып таныстыратын жерлері көп. Мен Қазақстанда туылғаныма, тұрып жатқаныма қуаныштымын және Қазақстанды мақтан тұтамын. Егер Қазақстанды таныстыратын сәт туса, Біздің Отанымыз - Қазақстанның табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екенін, оны тек қана көзбен көру керектігін түсіндірген болар едім. Шынымен де біздің еліміздің табиғаты керемет, табиғи қазба-байлыққа бай. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір өзендер мен көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер, жан-жануардың сан алуан түрі кездеседі.Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттадық. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіліміз-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы- Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Бізден асқан бақытты ел бар ма, бұл өмірде?!
0 дауыс
Байлығымен, салт дәстүрімен, халқымен.

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
14 жауап
127,937 сұрақ
322,810 жауап
153,169 пікір
72,931 қолданушы