0 дауыс
16.3k көрілді
Абай Құнанбаев  узіндіге ой толғау жазу керек

1 жауап

0 дауыс

Абай Құнанбаев бұл өлең жолдарында ештеңе бітірмей, құр босқа өмір өткізу мәселесін көтеріп тұр. 

Адам баласы ұлы ойларға басын қатырмаса, миы майда шаруаларды, әңгіме өсек-аяңдарды қуып, рухани тұрғыдан аза  бастайды. Бір даналық сөз ойыма түсіп отыр.  Бір орында қаншалықты жайлы отырсаң да , уақыт өте келе аяғың ұйып, ісіп шаршайды. Сондықтан қозғалыс (тек физикалық емес, рухани да) - ол өмір. Өмірді мәнді етіп сүру үшін, рухани азбай, өзіңді зеріктірмей, болатын іспен айналысу керек.

Қарныңды тамаққа толтырып, құр жатқаннан не пайда? Өмірден артыңа мұра қалдырмай текке кете барасың. Олай болса өмірге не үшін келгенің? Нені бітіргенің? Тоқтамау керек. Еңбек етіп, өзгеріп, үйреніп, дамып қана адам кемелденеді.

...