0 дауыс
241 көрілді
Осы сұраққа жауап таппадым. Білетіндер болса көмек керек. Адам алғаш қай аймақта қоныстанды?

2 жауап

0 дауыс

Ғылым тілінде алғашқы адам «епті адам» деп аталады. Епті адамның өзге жануарлардан ерекшеленетіні бұл оның ойлау қабілетінің арта бастағанында. Ең көне епті адамның тұрағы Кения мемлекетіндегі Олдувэй шатқалында табылды. Бұның жасы шамамен алғанда 1 миллион 750 мың жыл.

Осы жерден епті адам бүткіл дүниеге тараған. Барлық материктер мен континенттерге.

Алғашқы адам Қазақстан аумағында тас дәуірінің өзінде-ақ, яғни бұдан 700-500 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оны Қаратау жотасында, сондай-ақ Есілдің жоғарғы сағасында, Балқашпен Маңғыстау өңірлерінде табылған кейбір құралдар дәлелдейді. Ол кезде климат қазіргідей емес еді. Таулар аласа болатын. Қазақстанға оңтүстіктен, Үнді мұхитынан жылы ауа кедергісіз қаптап келіп тұратын. Жылы жауынның көп жаууы нәтижесінде өсімдіктер қаулап өсетін. Мұнда сан алуан жануар өмір сүрген. Өзендер мен көлдердің жағалауында, сайларда пілдер жүретін. Алтай тауларының солтүстік етегіңде мамонттар, жүндес мүйізтұмсық, үңгір аюлары кезігетін. Шамамен осыдан 100 мың жыл бұрын климат бірсыпыра суып, жылылыққа үйренген жануарлар біртіндеп құри бастайды. Қазақстанда климаттың сууы ұзаққа созылды, біздің заманымыздан 15-20 мың жыл бұрын климат жылып, қазіргіге ұқсайды. Мұның өзі адамзат қоғамының дамуына игі әсер еткен.

Бұл кезде тас өңдеу техникасы жетіле түсті. Құралдарды жасағанда адамдар отты қолдана білді. Сөйтіп әр түрлі еңбек құралдары пайда болды: сындырғыштар, қалақтар, кескіштер, тескіштер, найзалар мен сүңгінің ұштары. Сүйектен ине жасалды, адам теріден киім тігуді үйренді.

0 дауыс
Ағымдағы көзқарас, Қос өзен алқабында қоныстанды.
Алайда Ydna дегенге қарасақ,  ең ескісі C - Ydna Қазақта тұрса, Бұндайлар қос өзенде емес Алтай алатауда ғой.  Сондықтан менше, Алғашқы қонысы Алтай Алатау өңірінде
...