1. Екі параллель теміржолда ұзындығы 660 м болатын жүк пойызы 54 км/сағ жылдамдықпен және ұзындығы 180 м болатын жолаушылар пойызы 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады. Егер пойыздар бір бағытта қозғалатын болса, онда бір пойыз екіншісінін қасынан қанша уақытта жүріп өтеді?
2. Допты қақпадан тепкен (жерден) қақпашы оған көкжиекке 45° бұрышпен бағытталған 25 м/с жылдамдық берді. Ұшу қашықтығын тап. (g=9,81 м/с2)
3. Неге күшті жел құрғақ жапырақтарды жерден жоғары көтереді?
4. Жер бетінен 400 км биіктікте орналасқан массасы 40 кг дене қандай күшпен Жерге тартылады? Жердің радиусы 6400 км-ге тең, массасы 6 ⋅ 1024 кг.
5. Массасы 100 г дене жазықтықта радиусы 2 м шеңбер бойымен 20 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Дененің импульс моменті неге тең?
6. Қолқаның (Аорта) радиусы шамамен 2 см және ол арқылы қан 40 см/с жылдамдықпен ағады. Барлық капилярлардың ауданы шамамен 4000 см2 деп алып, қанның капилярлардан ағуының орташа жылдамдығын есепте.