Туыла салып! Әр жасқа толған сайын өзіңді қабілетті санайды екенсің, мен өзімді әркез ересектерше сезінетінмін, ал өсе келе сол балалығыма жәй ғана езу тартып қоямын. Байқасам бала болған екенмін, өмірден әр сабақ алған сайын енді ғана ересек болғандай, бұрын ақымақ болғандай сезінемін. Әлі күнге өзім ересек сияқтымын, ал ертең бір соққы немесе сабақ алғанымда "туу, неткен бала едім" деп ойлап қоямын. Өмірді көріп қойдым-ау дегенімше тағы бір өмір сабағына тап боламын. Өмірден сабақ алған сайын есейеді екенсің, мүмкін әлі де бала шығармын.....