+4 дауыс
692 көрілді
Бала кезіңізде ересек бейнеңізді елестетіп көріп пе едіңіз? Қандай адам болғыңыз келіп еді? Қазір сол адамға ұқсайсыз ба?

13 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Есейгенімді елестете алмайтын едім, бірақ есеюге асығатын едім.. Кейде өзім үшін барлық жағынан идеальды көрінген адамдарға ұқсағым келетін... Мейрамбек Бесбаевқа да ұқсағым келген, сол сияқты универсал әнші болуды армандадым, дауысымды да Мәкеңе ұқсатуға тырысатын едім, ұқсайтын да еді.. Бастауышта оқитынымда бет әлпетім корейлік Ва-банк сериалындағы Ким Инаға ұқсайтын, достарым, туыстарым да ұқсататын, сол сериалда ойнаған рөліндегідей адам болсам дейтінмін.. ...Ал қазіргі жүрісім.......
+1 дауыс
Бала кезінде бәрін де армандайды ғой адам. Сол арманның біреуінің қанатын ұстап дұрыс мақсатқа  жетсе ғой, шіркін...
+3 дауыс
Бала кезімде өскенде осындай боламын деп алдыма мақсат қойған жоқпын. Күнделікті тірліктердің өзі де жететін ))
+1 дауыс
Бала кезімде кейін кәдімгідей ересек адам болам деп ойлағам. Қазір қарасам әлі бала сияқтымын
15-тесің бе?
Жоқ, сізден үлкенмін
Ал мен қырықтамын?
Мен қырық бірдемін))
Шал!                      .
+1 дауыс
Бала кезде армандаған шығармын бірақ есімде жоқ.
+1 дауыс
Бала кезімде Боксшы боламын деп армандадым.
+1 дауыс
Супермен

------------------------
+1 дауыс
Мен әлі армандап жүрген сияқтымын )))
+1 дауыс
Әскери ұшқыш

+2 дауыс
Бала кезiмде радиотехник болуды армандағам, қатты қызығар едiм. Үйде iстеп тұрған двд-iмдi ашып шұқылап бұзғам, 3-4-рет доққа түсiп, кетiп қалайын дегем, ақшаға майл ру почталарын бұзып беретiн едiм, ол кезде оңай медi бұзу. Электроника десе жанымды беретiн едiм, бiрақ арман арман болып қалады екен соңына шейiн қуамағаннан кейiн, бiр жағы қолдау көрсететiн адамдарда болмады, басқа оқуғада түсiп, бәрi быт-шыт болды қысқасы.
0 дауыс
Ескерту! Сайтта +18 адамдар бар екенін ескере отырып, -18 адамдарға оқуға болмайтынын ескертемін!!!

 

Жұмамұрат Саймон. «Шырын жасау» (мультик сыр)

Менде бір керемет сюжет бар...«Егетін дым жоқ» ©Ақзере

Әбілдің, менің бала кезімнен пантазиям тайыз болды. Жұрт «космонавт болам!» деп өсіп, бухгалтерлік есеп бітіріп, ақыры сантехник болып, ішіп кетіп жатқанда, мен ештеңе армандамай өстім. Рас: мен де ішіп кеттім.
Жұрт «космонавт болам!» деп, тарих факультетіне түсіп жатқанда, мен «конкурс осында аз екен» деп, «Консервілеу технологиясына» түстім. Шала-пала оқыдым. Үшінші курста шырын жасайтын компанияға жұмысқа тұрдым. Бастық Делл Қадыр: «Шырын жасаудан бас технологтың черты мен чмосы боласың!» деді. «Кетейнақ!» деп едім, «лібәд, бәрі бірден қайда! Ана шал да баяғыда шымо болған, қазір қара – түкірігі жерге түспейд!» деді. «Ааа, онда жақсы, шымо болайын» дедім.
Бас технолог жақсы шал екен, жүз елу грамм құйып жіберді де: «Ертең кел нақ, апельсин шырынын жасаймыз!» деді. Солай десе де, ертең келгенде мәз болып қалсын деп, қазандықтың қасына қоймадағы апельсиндердің барлығын тасып қойдым.
Лібә, ертеңіне шал келді де, апельсин шырынын жасауды тездетіп бастап кеттік. «Бірінші қазандыққа дистилляттан құясың нақ!» деді де, шлангымен қазандықты суға толтыра бастады.
— Енді аплесинді саламыз ба? – дедім мен ыржиып.
— Ептібайымайд асықпа, тұра тұр! Мұқият қарап тұр, ертең мен өле қалсам, сен істейсің осыны, әбіл-ау! – деді. Қарап тұрғаннан басқа амал қалған жоқ.
— Нақ әкесс дұрыстап қара, жазып тұр! Сонымен, дистилятты қыздырамыз да, болғаннан кейін глутомат саламыз. Көрдің бе: судың түсі сарғыш тартты. Содан кейінгі ең қиыны эмульгатор. Эмульгаторлардағы полипрохлорвиниллдің иісін басу үшін калий карбонатын қосамыз. Карбонаттар абсорбент екенін мектептен білетін шығарсың, эфир майларын шөлден келген өгіз сияқты өзіне сорып алады. Сосын ана мембрананы ашып жібересің, карбонаттың түйіршіктері туалетке ағып кетед. Келесі, өзімнің ең жақсы көретін жерім – қант пудрасын салу. Оннан бір бөлігінен артық салма, тым тәтті боп кетед. Енді, моторды қосамыз, көрдің бе, жақсы араласып жатыр қант. Ең соңғысы – екі тонна суға – бір литр мөлшерде гуммиарабиктің суспензиясын құясың. Бітті, дайын!
Шыдамай кеттім.
— Лібәдтың шалы, апельсинді салмадық қой нақ?
— Қайдағы апельсин нақ???
— Міне, отыз қорап апельсин, Сізге оңай болсын деп, түнімен тігіліп тасып қойсам нақ!
— О малатаңанә, ол Жаңа Жылда балаларға сыйлыққа салатын апельсин ептібайымайд! Бар орнына апарып қой!
«Шешесс...» дегеннен басқа эпитет келмей қалды…

(с) Сатыпалды ғой

P.S.: -18 болса да оқып қойдың ба? Білген едім! (
0 дауыс
Ол кезде қуатын едік қой, анау болам, ұшқыш болам деп
0 дауыс
Бала кезімде футболшы болуды қатты армандадым.
...