Кенеттен көзіңіз ісіп кетті ме? Ал сіздің ертең маңызды кездесуіңіз бар. Немесе көзіңіз жиі ісіп, ыңғайсыз жағдайға қалып жүрсіз бе? Не істеуге болады? Сұлулыққа жаны құмар қыз-келіншектер үшін маңызды делінген кеңестер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз. Бірінші кезекте, контрасты душ қабылдаңыз. Яғни, бірде салқын, бірде жылы сумен жуыну арқылы көз айналасындағы теріні ылғалдандырып алыңыз. Бұған ары кетсе екі-үш минут уақытты жұмсауға болады. Тек теріні қатты басып тұрмаңыз. Өйткені қабақ айналасындағы тері тым нәзік әрі жұмсақ, айналасында қан ұйып, көгеріп қалу қаупі бар. Сондықтан саусақпен жеңіл қимылдатып өтіңіз. Сонымен қатар бұл кезде бет бұлшық еттерін қимылдатуға көмегін тиізетін жаттығулар жасасаңыз, нәтижеге тезірек қол жеткізуге мүмкіндігіңіз бар. Егер көзіңіз жиі ісіп, мазыңызды алатын болса, демек мұздатқышыңызға мұз сақтауды әдетке айналдырыңыз. Себебі мұздың әсері өте мол. Ол үшін кубик тәріздес мұзды қолданбас бұрын алдымен кеседегі қайнаған суға пакеттегі шайды демдеңіз. Мейлі қара немесе көк шай болсын, бастысы хош иістендірілген шай болмағаны абзал. Кейін жылы шайды (пакетімен бірге) бір-екі минут аралығында көз айналасына қойып, артынша мұзбен көз айналасын сүртіп шығыңыз. Бұған да тура бір-екі минут уақыт жұмсаңыз. Айтпақшы, мұз үшін тек қарапайым су емес, минералды сусын немесе ромашка араласқан суды пайдалансаңыз, әсері мол. Көзге арналған гимнастика Енді арнайы жаттығуға кірісуге болады. Жаттығудың бұл түрі тек қана көз айналасындағы теріні жақсартып қана қоймай, ісікті қайтаруға да септігін тигізеді. Ендеше, кеттік. Алдымен басыңызды бір қалыпты күйде ұстап, көзіңізді айналдырып шығыңыз. Кейін қарсы бағытқа қара айналдырыңыз. Мұнан соң жоғары-төмен, оңға-солға қараңыз. Келесі жаттығуға кірісіңіз. Көзіңізді барынша жұмыңыз. Мұнан соң ашыңыз. Осылайша үш рет қайталаңыз. Кейін көзді барынша тезірек ашып жұмыңыз. Он бес секундтан үш рет қайталаңыз. Қабаққа арналған массаж Қабақтағы ісікті массаж арқылы тезірек кетіруге болады. Саусақтың ұшымен ісік пайда болған қабақ айналасын уқалап шығыңыз. Бағытыңыз екі түрлі болсын. Алдымен көздің шеткі бұрышынан қабаққа қарай және керісінше. Жоғарыда ұсынған кеңестерді орындап шықсаңыз, енді шай ішіп, бойды сергітетін уақыт жетті. Лимон немесе бал араласқан көк шай ағзадағы артық сұйықтықты тезірек шығаруға көмектеседі. Көк шайдан бөлек зәр айдайтын өзге де дәрілік шөптер тұнбасын ішуге болады. Бұл ісікті тезірек кетіреді. Тағы оқыңыздар: Қыздарға диета арқылы қалай тез арықтауға болады? ӨЗГЕ ДЕ КЕҢЕСТЕР... Жұмыртқаның ақуызы Жұмыртқаның ақуызы теріні жиырылтып, көз айналасындағы ісікті басады. Ол үшін екі жұмыртқаны жарып, ақуызын алыңыз. Мақта тампонына оны малып, көздің астынғы терісіне жағыңыз. Бес минуттан соң жылы сумен шайып тастаңыз. Бұл процедураны күн сайын жасасаңыз, лайықты нәтижеге ол жеткізесіз. Тұз Ағзада сұйықтық тым көбейіп кетсе, ісіктің пайда болатыны белгілі. Ал тұз артық сұйықтықты айдап шығады. Ол үшін сізге жарты шай қасық ас тұзын аз ғана жылы суға араластыру қажет болады. Екі мақта тампонын суға батырып, көзіңізге (көзді жабу қажет) қойыңыз. Он минуттан соң жылы сумен шайыңыз. Бұл әдісті де күн сайын жасауды ұмытпаңыз. Қияр Қияр теріні ылғалдандырып, қабынуды басатын қасиетке ие. Сол себептен салқындатылған қиярды дөңгелек пішіндес етіп турап, көзіңізді жауып, үстіне қойыңыз. Қияр он-он бес минут қабақ үстінде тұруы қажет. Бұл тәсілді күніне бірнеше рет қайталаңыз. Су Адам күніне бір жарым-екі литр су ішкені абзал. Себебі құрғақтықтың салдарынан көз айналасында қапшықтар пайда болуы мүмкін. Тек суды ұйқының алдында ішпеген жөн. Ол таңертең дененің ісініп кетуіне, сонымен қатар көз айналасындағы қапшықтың пайда болуына әкеп соғады. Тағы бір айта кетерлік кеңесіміз, түймедақтың тұнбасынан компресс жасасаңыз, әбден болады. Ең бастысы, ұйқы режиміңізді бір қалыпта ұстай біліңіз. Әйтпесе көз айналасындағы қапшықтар мен ісіктен арылу қиынға түседі. Сонымен қатар шамадан тыс алкогольді ішімдік те көз айналасында ісіктің пайда болу себептерінің біріне жатады.
Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/1685287-kozdinh-isigin-basu-ushin-ne-isteu-kerek.html?utm_source=clipboard&utm_medium=article-fragment