+1 дауыс
11.7k көрілді
Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін не істеу керек?
осы сайтта көп қойылған сұрақтардың бірі.
Сұрақты қоймас бұрын іздеу жүйесін пайдалану керек қой!
Белгісіз

4 жауап

+1 дауыс
Есте сақтау қабілетін жақсарту. Жалғасы Басы мында Дене шынықтыру Спорт залдарында үзбей дене шынықтырумен айналысудың нәтижесінде миға қан келіп, ағзаоттегіні де белгілі дәрежеде қабылдап, мидың жұмысын жақсартады. Егер мидың жұмысы жақсы болса, есте сақтау қабілеті де жақсара түседі. Сондай-ақ, бүкіл дененің мимен байланысы тағыз. Дене қозғалысының көптігі — ағзадаға зат алмасу процессін жақсартып, миды артық күштерден арылтады. Сондықтан да, бұл дәлелдерден кейін, спортпен шұғылдануды —күн тәртібіндегі басты ереже деп қарауға кеңес береміз. Миға жүктеу Көп нәрсені есте сақтау үшін оқып, оқығанды мида тоқудан жалықпаңыз. Тіпті, тісіңізді бүгінбасқа қолмен тазалауыңыз, не болмаса киім тігуде басқа қол иірімдерін пайдалануыңыздың өзін сіздің ми жаңашылдық деп қабылдайды. Ал жаңа ілімдермен таныс болудың өзі де миға сергектік сыйлайды. Тәтті ұйқы Күндіз ми қабылдаған ақпарат, түнгі ұйқы кезінде қайта іске қосылады. Оқымысты ғалымдардың пайымдауынша, ми жасушалары адамның ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, миды тазарту жұмыстарын жүргізеді. Яғни, күндіз қабылданған ақпараттар түнгі ұйқы кезінде бас ішінде сараланып, рет-ретімен тізіледі екен. Ал бізден кеңес: тәулігіне 8сағаттан кем ұйықтамаңыз. Ұйқының жетіспеушілігінен ми қабаттары зардап шегіп, есте сақтау қабілетіңіз де төмендей түседі. Сонымен қатар, алкогольді ішімдік ішіп алып, ұйқыға кету де өте зиянды. Тәжірибеңізден көрген боларсыз, мас адам сау кезінде, кешегі болған оқиғалардан бейхабар болады. Күйзелістің алдын алу Күйзелістің пайда болуына әсер ететін үш фактор мыналар:күйбең тіршілікте пайда болған жаңа заңдылықтар, кей оқиғалардан алатын негатив әсер және уайым. Бұл факторлардан келетін жағымсыз әсерлер адамды күйзеліске ұшыратып, соңынан миына артық күш түсіреді. Бұдан құтылудың жолы, тыныс жолдарына арналған жаттығулар мен йога, кешкі уақытта жылы ванна қабылдау. Кеңесіміз, уайымшылдықтан арылу мен уақытылы қабылданған ас пен ұйқы. Есте сақтаудың дұрыс жолы Дауысыңызды шығарып, болып жатқан құбылысты әңгімелеп көріңіз. «Міне менің көлігім. Оныдүкеннің қасына қалдырып барамын. Кілтті әкеліп, тоңазытқыштың үстіне қойдым. Тоңазытқышта тағамдар сақталған....» Ойыңызды дабыстап айтып көрсеңіз, есіңізде сақталады. Себебі, құлақпен кірген дыбысты ми да жақсы сақтай алады. Өз әрекеттеріңізді суретке түсіріп көріңіз. Дыбыстап айту жеткіліксіз жайттар болады, бұл кезде түсірілген суреттер кейін болған жайтты қайта еске түсіреді. Қазір, ақпарат пен техниканың дамыған заманында, сағат санап түсетін ақпаратты есте ұстай алмай, техниканың көмегіне жүгінуге мәжбүр боламыз. Ұстауға да, қолдануға да ыңғайлы фотоаппараттың көмегімен оқиғаларды сурет етіп жазсаңыз, ұтылмайсыз. Тойлар мен маңызы бар іс-шараларды міндетті түрде суретке түсіріп жүру, кейін сол суреттердің арқасында өткен қуанышты оқиғаны қайта еске алу. Бізден кеңес: егер есте сақтап қалу үшін өте маңызды жайттар көз алдыңызда өтіп жатса, суретке түсіру пернесін басудан қысылмаңыз. Қайталаңыз Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берік болмақ керек екінші – сол нәрсені көргенде я естігенде ғибратлану керек көңілденіп, ойланып, көңілге бекіту керек төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Бұл Абай қалдырып кеткен қара сөздердің бірі. ХІХ ғасырда жазылып кеткен бұл сөздің жаны бүгінгі күнге дейін жоғалмаса керек. Шынымен, естіген, көрген нәрсені ұмытпас үшін көкірекке тек соны түйіп, іштен бірнеше рет қайталап отыру керек. Өзіңізді тексеру үшін Төменде көрсетілген белгілерді саралай кле, өзіңізге қатысты талдау жасап көріңіз. Егер қандай да бір белгі бойыңыздантабылса, есте сақтау қабілетіңіздің нашарлағаны. Олар төмендегіше жіктеледі: 1. Қалыпты ұмытшақтық - Кілтіңізді көрінген жерге салып қоясыз да, қайда салғаныңызды ұмытып кетесіз. - Жаңа танысыңыз не болмасаәріптесіңіздің есімін де аз уақытта ұмытып қаласыз. 2. Есте сақтаудың жеңіл бұзылуы - Бүгінге жоспарланған кездесуіңіздің бар екенін ұмытасыз. - Жеке заттарыңызға ие бола алмай, жоғалтып ала беретін боласыз. 3. Ауыр жағдай. - Сіз жақындарыңыз бен туғандарыңыздың есімін естен шығарып аласыз. - Сіз жоспарлы түрде мүлде әрекет ете алмай қаласыз. Жалғасы және ақпарат: http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/239
+2 дауыс
Нейробика ағзаның бес сезім талшығына әрекет етеді. Олардың жұмысы әдеттегідей емес, жаңа деңгейде болады, ассоциация мен образдарға түскен түрлі ақпаратты байланыстырады. Тұрақтылық миды селқос және әлсіреген жағдайға жеткізеді. Сондықтан оған сілкініс және жаңа эмоция қажет. Нейробика миды белсенді жұмыс істеуге мәжбүрлей отырып, қалыптағыдай емес әсермен байытады.
Нейробиканың негізін салушылар америкалық ғалымдар Лоуренс Катц және Маннинг Рубин. Олар "Сохрани свой мозг живым(Миыңды тірідей сақта)" кітабының авторлары. Ол кітапта ми жаттығуларының тәсілдері берілген. "Ақыл-ой жаттығуы" америка зерттеушілерін ынталандырады: ми клеткаларының жұмысын, есте сақтау қабілетін жақсартады, логикалық ойлауды дамытады.

Нейробиканың негізінде қарапайым мақұлдама жатыр: күн сайын жаңа эмоция мен әсер алу керек. Бұл үшін күн сайынғы істерді жаңа, ертеректе қолданбаған тәсілдермен атқару дұрыс келеді.
Нейробика жаттығуы.

Көзіңізді жұмып тұрып қарапайым қимыл жасаңыз. Дүкеннен жаңа зат сатып алыңыз немесе жаңа танысқан адамдармен араласыңыз. Егер сіз саяхаттап жүрген болсаңыз, онда естіген, көрген барлық мәліметті жинай беріңіз. Мүмкіндігінше, көбірек қонақжайлылығына мән беріңіз. Жергілікті тілдің бірнеше сөздерін жаттап алыңыз.

Жаңа бағдар іздеңіз. Егер сіз жұмысқа жаяу барып жүрсеңіз, онда жаңа өтпелі жолдарды қарастырыңыз.

Бұрын қызықпаған нәрсеге қызығушылық танытыңыз. Санаулы бағытта жазылған спецификалық журналдарды оқып шығыңыз. Мысалы, ит пен мысыққа арналған.

Теледидарды дыбысын шығармай көріңіз және не көріп тұрғаныңызды диалог ретінде дауыстап айтыңыз.

Жаңа жұпар иісті иіскеңіз. Ыңғайлы орын болмаса да, мұрынмен терең дем алыңыз, ішіңізге жаңа иісті тарта тұрып.

Егер сіз оңқай болсаңыз, сол қолыңызбен бірдеңе істеңіз (солақай үшін де – солай).

Ең қарапайым сұрақтарға қалыптағыдай емес жауап беріңіз. Сіздің көршіңіз таңқалады, бірақ ыңғайсыздықты күлкіңізбен жойып жіберіңіз.

Гардеробыңызды өзгертіңіз. Қара және сұр түс көбірек пе? Ерекше стильмен тігілген әрі ашық түсті киімдер алыңыз, олар сіздің ойлау қабілетіңізге ойдағыдай әсер етеді.

Саусақтарыңыздың көмегімен ақшаны ажырата біліңіз. Ымдап сөйлесуді үйреніңіз. Бұл сана- сезімнің өсуіне көмектеседі.

Әзілдер мен анекдоттар ойластырыңыз. Бұл миыңызды жұмыс істетеді. Өзіңіздің демалысыңызды әртүрлі жасаңыз. Бүкіл демалыс күндері диванда жата берме! Еденде отырыңыз!

Көріп тұрғаныңыздай, миға арналған сиқырлы жаттығу тіпті де қиын емес. Оны қай жерде орындағың келсе, сол жерде орында. Аздан бастасаңыз да, миыңыз сізге рақметін айтады. Мүмкін, сізде өзіңіз білмейтін дарыныңыз бар шығар?.. дерек http://kazsat.webnode.ru/products/mi%d2%93a-arnal%d2%93an-zhatty%d2%93ular/
0 дауыс

Кейде адам жады көп ақпаратты еске түсіре алмай қалады. Жадты жақсартудың қандай тиімді әдістері бар?

Тез ойлау мен жадты жақсарту үшін күнделікті тамақтану режимін өзгерту керек. Сонымен неден бастау керек?

1. Қантты аз қолданыңыз

Қантты жиі қолдану есте сақтаудың бұзылуына, ми көлемінің төмендеуіне әкеледі. Сондай-ақ, қантты диабетке ғана емес, атеросклероз бен жүрек қан тамырлары сырқаттарына әкеліп соқтырады. Артық желінген қант зат алмасуын бұзып, қандағы холестериннің мөлшерін арттырады, ішектегі микробтардың витаминдерді, әсіресе организмге қажет В12 витаминін синтездеу қабілетін төмендетеді.

2. Тамақтану рационына балық майын қосыңыз

Балық майы омега-3 қанықпаған майлы қышқылдарға бай. Адам денсаулығы үшін балық майы пайдалы. Атап айтқанда, жүрек-қан тамырларының қаупі, шаршау, алаңдаушылық және ақыл-ой қабілеттерінің бәсеңдеуін төмендетеді. Балық және балық майын тұтыну егде жастағы адамдардың есте сақтау қабілетін жақсартады.

Балық майындағы А дәрумені ағзаны тазартады, зиянды вирустарды жояды, сонымен қатар адам терісінің функциясын жаңғыртады. Көз жанарының көру әлсіздігі байқалған тұста семга балығының майымен емдеуге болады. Нәтижесі өте оңды.

3. Медитацияға уақыт табыңыз

Медитация қан қысымын төмендетеді, ауырсынуды азайтады, ағзадағы пайдалы сұр заттардың мөлшерін көбейтеді. Сондай-ақ, медитация мансап пен кәсіби деңгейге игі әсер етеді. Гугл, Дженерал милс, Таргет сияқты компанияларда медитациямен үздіксіз айналысады екен. Себебі бұл әдіс қызметкерлердің бір нәрсеге көңіл тоқтатуына және өзіне деген сенімділіктің артуына көмегін тигізеді.

4. Салмағыңызды бақылауда ұстаңыз

Семіздік – есте сақтау қабілетінің төмендетудің ең негізгі факторы. Артық салмақ мидағы жадқа байланысты өзгерістер тудырады. Өз кезегінде бұл есте сақтау қабілетін төмендетеді. Ғалымдардың зерттеуінше, 18 жас пен 35 жас аралығындағы адамдар тобы үшін жоғары дене салмағы жадтың сақтау қасиетін төмендетеді.

Толық ақпаратты мына сілтемеден оқи аласыздар.

...