0 дауыс
816 көрілді
Павлодарда серпінмен оқу бітірдім, тез ак алматыдан жумыс таптым казыр ыстеп отырмын. Енды павлодардан хабарласып 'осында істеу керексіз' деп шақыртып отыр... Ең бастысы өз мамандығым бойынша жумыс жасасам болды емеспе!???

2 жауап

0 дауыс

Серпін бағдарламасының шарты бойынша  сол бағдарламамен аяқтаған студент сол аймақта еңбек өтілін жасау керек. Ол бағдарламаның өзі төмендегі аталған бірнеше мәселелерді шешу үшін ойлап табылған:

Сол жылы еріктілер жиналып бұл жобаны қоғамдық бастама ретінде жүзеге асыруды  көздеп, 2014 жылы «Серпін» жалпыұлттық, қоғамдық жобасы дүниеге келді. Күн кестесіндегі ең негізгі мақсат – ол жастар қызығатындай құндылықтарды ойлап табу болатын.

Бұл жобаның қажет екендігін дәлелдеу мақсатында зерттеу жұмыстары да жүргізілді. Қажеттілік жұмыс күші тапшы,  экономикалық белсенділігі төмен, мамандардың тапшылығы, сонымен қатар оқу орындарында студенттердің жетіспеушілігі, жұмыс орындары мен бюджетінің қысқартылуы байқалатын облыстар мен, керісінше жұмыссыздық белең алған, туу көрсеткіші жоғары, балабақшалар мен оқу орындарындарының жетіспеушілігі, мамандықтардың ескіруі байқалатын аймақтарда туындады.

Мемлекет үшін бұл тиімді жоба, ішкі көші-қон дамып, экономикалық белсенділік жоғарылап, ішкі әлеуметтік шиеленістер төмендейді. Оңтүстік аймақтар үшін – ол бос гранттарды иеленіп,  жастардың сапалы білім алуы. Қабылдаушы аймақтарға – ол  жаңа мамандар, экономикалық белсенділік, ЖОО мен колледждердің толығуы, туу көрсеткішінің жоғарлауын көздеді. Яғни, басында-ақ бұл жобаның барлығына тиімді екені айдан анық болды.

Бұл жоба арқылы Оңтүстік аймақтардағы оқу орындарының жетіспеушілігін шешудің ең тиімді жолы жаңа оқу орындарын салу емес, қайта бос оқу орындарына жастарды тегін түсіріп, белсенділігі төмен аударды күшейтіп, жұмыс күшінің артуына септігін тигізіп жүрген бұл жоба, бір оқпен бірнеше қоянды атты.

Қоғам үшін ең негізгі тиімді тұсы өңірлердің жақындасуы, жастардың бірнеше тілдерді үйреніп, аймақтық, экономикалық, әлеуметтік, тілдік, мәдени интеграциясы дамып, яғни енді ішкі миграция аймақ пен орталық арасында емес, аймақ пен аймақтың арасында пайда болады.

Сондықтан, сіз оны басқандай еңбек өтілімен шатастырмауыңыз керек.

0 дауыс
Сәлеметсіз бе?! Менде "Серпін" бағдарламасымен биыл аяқтадым. Қазіргі уақытта қайда жасап жатырсыз енді? Болады ма өз аймағымыздан жұмыс тауып жасауға. Мен қайтып келіп жасап жатырмын (Қостанай облысы) бірақ жұмысты өзім әрең таптым және маған мемлекет тарапынан ешқандай көмек бере алмаймыз  деп отыр! Түсінбедім шыны керек, қалай сонда жұмысты өзім тауып, ешқандай көмек көрсетілмесе не қажет бар, бұл жақта жүрудің, ең маңыздысы үймен қамтамассыз етпеуі, ал менің квартирама айлығымның жартысы кетеді! Ия общага беріп кезінде көмек берген шығар бірақ қазіргі уақытта шыны керек сырттан келіп жатқан жастарға ешқандай қолдау білдіру жоқ. Диплом алдық, қаржы орталыққа жұмыс жасап жатыр деген справканы жібердік деген секілді... Бітті ары қарай өздері білер дегендей, бізбен шаруалары жоқ ешкімнің !
...