0 дауыс
327 көрілді
Менің есімім Нұрдаулет. Қазақ тілі әдебиеті мамандығының үшінші курс студентімін. Жасым 18 де. Мен әдебие роман жазып жатыр едім. Әдебие шығармам 100 беттен аса бетті қамтыды. Енді сол кітапты басылымға қалай бере аламын? Сатылым жағы бойынша келісімшарт жасасуға болады ма?

1 жауап

0 дауыс

Қолжазбаны бастыру ісін барынша іскерлі және жедел ету үшін «Фолиант» баспасы Сіздің назарыңызға келесідей кеңестерді ұсынады:

1.Баспаның бағытымен танысыңыз

Бізге өз қолжазбаңыз немесе сіздіңше қызық деп танылған басылым идеясын ұсынбас бұрын, ертеректе басылып шыққан кітаптар және кітап серияларымен танысып өтіңіз, бұл «Фолианттың» баспалық бағдарламасының жалпы бағдарын түсінуге мүмкіндік береді.
Біздің бағытымыз – жоғары және кәсіби-техникалық білім беруге арналған гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша оқулықтар, танымдық мазмұндағы ғылыми-танымал сериялар, биографиялық сериялар, өңіртанулық және өзге де әдебиеттер басып шығару.
Біз әр түрлі жанрлардағы кітаптарды басып шығарамыз: жоғары мектеп, колледж бен лицейлерге арналған оқулықтар мен оқу құралдары (ҚР Білім және ғылым министрлігінің грифін алған не ала алатын, мемлекеттік білім стандарттары мен типтік оқу бағдарламаларына сай келетін), ғылыми монографиялар (өзекті және қызықты тақырыптарға артықшылық береміз), ғылыми-танымал және ғылыми-публицистикалық кітаптар, балаларға арналған энциклопедиялар және өзге де әдебиеттер.
Мазмұны мен жанры айқындалған кітаптар – басылымды бағдарламаға енгізу жөнінде шешім қабылдаудағы басты фактор.

2.Құқықтық мәселелер

«Фолиант» басылып шығатын кітаптардың құқықтық «тазалығына» үлкен мән береді. Біз ертеректе басылған кітаптар емес, жаңа еңбектермен жұмыс жасағанды тәуір көреміз. Бұл ретте тәртіп бойынша қолжазбаны бастыруға «мүліктік құқықты» беру жөнінде авторларға бізбен келісімшартқа отыру жөнінде ұсыныс жасаймыз, бұл кітап нарығында басылым сұранысқа ие болған жағдайда оны қайта басуға мүмкіндік береді. Әрине, кітаптың жоғары сұранысқа ие болуы кітап сапасы мен баспаның маркетинг саясатының көрегенділігіне байланысты. Бірақ біз кітаптың «тағдыры» қолайлы қалыптасуы үшін бізге қатыстының бәрін істеуге кепіл береміз. Бұған біздің кітап нарығындағы көпжылдық жемісті еңбегіміз дәлел.

3.Қаламақы

Біздің көпшілік келісімшарттарымыз авторлармен ұзақ мерзімге – 5, 10, 15 жылға жасалады және бұл сұранысқа ие болған кітаптарды қосымша тиражбен шығаруға мүмкіндік береді. Осы ретте біздің ұсынып отырған сыйақыларымыз да нақты сатылған даналар санына және кітаптың сатылар бағасына байланысты анықталады. Кітаптың бірінші басылымында авторға тираждың жалпы сомасының 10 %-ы, екінші басылымында – 5%-ы төленеді. Автор қалауы бойынша сыйақы ақшалай түрде не кітаптай беріледі. Қосымша басылымдар туралы авторға алдын ала ескертіледі. «Фолиант» баспасының есеп жүргізуі ашық және бұл авторлармен ешқандай кереғарлықтар тудырған емес.

4.Басылымға авторлық тапсырыс

Кітапты басып шығару жөнінде шешім қабылдау және авторлармен (авторлар ұжымымен) келісімшарт жасасу үшін, баспа басылымға авторлық тапсырысты қарастырады. Әрине, біз дайын қолжазбамен жұмыс жасағанды лайық көреміз, әсіресе біз үшін жаңа немесе жаңадан бастап жүрген авторлармен келіссөз жүргізгенде. Қайткенде де бізге авторлық тапсырыс (қолжазба болған жағдайда авторлық тапсырыс қысқаша мазмұнда болады) қажет, ол еркін үлгіде құрастырылады, бірақ міндетті түрде келесідей бөліктерді қамтуы тиіс (төменде қолжазба аяқталмаған күйде болған жағдайдағы тапсырыс үлгісі берілген):

  1. Автор ойын, кітап тұжырымдамасын (концепциясын), қолжазба жанрын, оқырман аудиториясын (оқулықты шығару үшін мамандықтың нақты атауы керек), кітап өзектілігінің негізін, қазақстандық кітап нарығындағы өзге басылымдардан артықшылығын көрсету;
  2. Кітап құрылымы, мазмұны;
  3. Қолжазба көлемі (авторлық бетпен есептеледі; 1 авторлық бет = бос орынмен қоса 40000 таңба, мұны Microsoft Word бағдарламасының Сервис/Статистика мәзірінен анықтауға болады);
  4. Кесте, сызба, график, суреттердің болуы. Егер фотоиллюстрация қолданылса, оның дереккөзін көрсету қажет;
  5. Ақпараттық құралдың үлгісі;
  6. Автор жайында толық биографиялық мәлімет пен маңызды басылымдарының тізімі;
  7. Пікірлер, рекомендациялар.
    Пікірлер, рекомендациялар оқулықтарды бастыруда маңызды. Тапсырысқа сондай-ақ автор маңызды деп таныған қосымша құжаттарды да тіркеуге болады.

5.Авторлық тапсырысты, қолжазбаны беру және оның қаралуы

Сіз тапсырыс не қолжазбаны өзіңізге қолайлы жолмен бере аласыз: баспа мекен-жайына поштамен жөнелту; e-mail не факспен жіберу; бас редактормен не сәйкес бөлім меңгерушісімен алдын ала келісіп, баспаға әкеліп беру. Сіздің тапсырысыңыз бен қолжазбаңыз оңтайлы мерзімде қаралады (екі айдан артық емес). Кітапты шығару жөнінде түпкілікті шешімді тапсырыс пен қолжазбаны Редакциялық кеңесте талқылағаннан кейін баспа Директоры қабылдайды. Баспа рецензенттерсіз де оң шешім қабылдай алады, бірақ сол саладағы мамандардың кеңесіне жүгіну құқына ие.
Баспа өз шешімі жөнінде авторға жазбаша түрде хабарлайды және шешімін міндетті түрде негіздейді. Оң шешім қабылданған жағдайда автор келісімшартты талдау үшін баспаға шақырылады, бірақ бұл телефон, электрондық пошта не поштамен хат жазысу арқылы да болады.
Теріс шешім қабылданған жағдайда қолжазба авторға қайтарылады.

6.Тапсырысты және қаражатты басылымдар

Басуға шешім қабылдауға ықпал ететін жоғарыда келтірілген түсініктер баспаның өз қаржысымен шығарылатын кітаптарға қатысты. Бұл жағдайда коммерциялық мекеме болып табылатын баспа кітаптың жорамалданған сатылу көлемін нақты есептеуі керек, сонда ғана басылымға жұмсалған қаражатты қайтарып қана қоймай, авторларға гонорар төлейтін және бүкіл жүктеме шығындарды жабатын пайда алуға болады. Сондықтан да баспа таңдаудың жоғары кәсіби талаптарына жауап бере тұрса да, коммерциялық тұрғыдан тиімсіз қолжазбаларды шығарудан кейде бас тартады.
Алайда, бізге қолжазба шығындарын толығымен жабатын грантты иемденген қолжазба авторлары, не өздері жұмыс істейтін ұйымның қаржылай қолдауын алған авторлар, не басып шығару үшін өзіндік қаржысы, я болмаса демеушілік қаржысы бар авторлар да келеді. Қаржылай демеудің болуы кітапты басып шығару жөніндегі шешім қабылдауды жеңілдетеді, өйткені бұл ретте коммерциялық табыс алу маңызды емес. Сол себепті баспа мұндай ұсыныстарға оңтайлы қарайды. Бірақ кітаптың өзіндік қаржыландыруы болуы біз үшін міндетті шарт емес.
Қайткенде де біздің баспа өз басымдығына (стратегиясына), сапалық сипаттамасына толығымен жауап беретін қолжазбаларды басып шығарады. Тапсырыстық (яғни, толықтай төленген) немесе қаржылық (жартылай қаржыландырылған) кітаптарды шығару жөніндегі ұсынысты авторлық тапсырыстағыдай тәртіппен жіберу керек.

Толығырақ: http://www.foliant.kz/kk/?page_id=9

...