0 дауыс
277 көрілді
Акцессорлы минералдар дегеніміз не? Осы туралы ақпарат қажет еді?

1 жауап

0 дауыс

Акцессор минералдар, акцессориялар (латынша accessorіus — қосымша) — тау жыныстары құрамында өте аз (мөлшері 1 пайыздан аспайды) тараған минералдар. Акцессор минералдар тау жыныстарын құрайтын минералдар құрамында сирек және кентасты элементтердің минералдық шашырауы мен шоғырлануының ерекше түрі болып табылады.

Акцессор минералдары:

  • апатит;
  • циркон;
  • турмалин;
  • танталит;
  • анартастар;
  • ортит;
  • титанит;
  • флюорит;
  • топаз;
  • магнетит;
  • ильменит;
  • пирит;
  • рутил;
  • монацит;
  • сфен.

Тау жыныстары бұзылғанда акцессор минералдар әдетте тотығу белдемінде жиналады, кейде өндірістік маңызы бар кендер түзеді. Әсіресе, сирек металды акцессор минералдардың (тантал-ниобаттар) маңызы зор. Сонымен бірге, олар стратиграфиялық және петрографиялық корреляттауда, тау жыныстарының жасын анықтау үшін қолданылады.

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/

...