0 дауыс
3.0k көрілді
Сөз мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?

Өз сөздеріңізбен жазып бересіздерма!

1 жауап

0 дауыс

Сөз мәдениеті- әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылык таныған, үлгі тутқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі Сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді. Кенестік орыс тіл білімінде Сөз мәдениетінің теориялық мәселелерін Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, Р. И. Аванесов, С И. Ожегов, Ф. П. Филин т. б. зерттеді. Сөйлеу мәдениетінің басты мақсаты -орфоэпиялық норма.Орфоэпиялық норма-сөздерді дұрыс айту,лексикалық норма-сөздерді іріктеп,сұрыптап қолдану,талғап,талғаммен қолдану,грамматикалық нормалар-сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып,қалыптасқан норма ,бірақ кейбір стильдердің ауызекі сөйлеу стилінде бір септіктің ішінде басқа септік тұлғалары айтылу сияқты қате грамматикалық құрылымдар кездеседі.Бұл бір жағынан жеке адамдардың тіліндегі құбылыс та болып саналады.Сөз мәдениетін жетілдіру үшін оған қарама-қарсы құбылыстарды анықтау керек.Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық зерттеулерді қажет ететін лингвистикалық экология саласы.Бұл сала тілдік ортаның динамикалы құбылысының проблемасын анықтайды.Лингвистикалык экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталынады.Сөз мәдениетінің экологиясына мына мәселелерді жатқызуға болады:тілдік ситуация,тілдік сана,тілдік орта,тілдік ортаның тазалығы,сөз қызметіндегі стилистикалық байланыстардың бұзылуы,сөйлеу этикасының проблемалары,сөз мәдениеті және мониторинг т.б.Сөз мәдениетінің қазақ тіл ғылымында араласпайтын саласы жоқ ,көркем сөйлеуде болсын,ғылыми көпшілік немесе ресми ортада ,тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тіл ғылымының барлық саласымен тамырласып жатады.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/qaarc/qa/20050/

...