0 дауыс
28.2k көрілді
Қышқыл, сілті және тұз ерітінділері

Органикалық заттар

Газдар

Кристалдық тор түрі молекулалық және атомдық болатын заттар

1 жауап

0 дауыс

Электролиттер ( грек. lysіs – еру, ыдырау) – еріген немесе балқыған күйде электр тогын өткізетін заттар.Электролиттерге қышқыл, негіз, тұздың судағы ерітінділері жатады; бұларда электр тогы иондар арқылы тасымалданады. Э ерітінділерінен ток өткенде электродтарда тотығу-тотықсыздану процестері – электролиз жүзеге асады. Электролиз Фарадей заңдарына сәйкес жүреді, ол таза металдар, хлор, күшті сілтілер алуда кеңінен қолданылады. Диссоциациялану дәрежесіне () қарай Электролит әлсіз (3%-ға дейін) және күшті (30%-дан артық) болып екі негізгі топқа бөлінеді. Әлсіз Электролит. диссоциацияланған ерітінділерде иондарға жартылай ыдырайды (қ. Электролиттік диссоциация). Әлсіз Э-ге көптеген органик. қышқылдар, негіздер, сондай-ақ кейбір бейорганик. қышқылдар мен негіздер (мысалы., H2S, H2SO3, HCN, NH4OH) жатады. Күшті Электролиттик ерітінділерде түгелдей ионға ыдырайды. Барлық тұздар, көптеген органик. және бейорганик. қышқылдар мен негіздер күшті Э-ге (HCl, HBr, HІ, HNO3, H2SO4, LіOH, NaOH, KOH) жатады. Ғылым мен техникада Элертролиттердин маңызы зор. Тірі организмдер денесіндегі барлық сұйықтар Электролиттер. болып саналады.

Электроиттер-иондық және ковалентік полюсті байланыстары бар заттар . Кристалдық торы - иондық .Тұздар ,сілтілер ,қышқылдар . Электролиттердің судағы ерітінділерінің қасиеттерін алғаш түсіндірген швед ғалымы Сванте Аррениус болды (1887ж) . Ол электролиттік диссоциалану (ыдырау) теориясын ұсынды .Бұл еңбегі үшін оған 1903 ж. Нобель сыйлығы берілді . Электролиттік диссоциацияланудың мәні :электролит молекуласы су молекуласының әсерінен зарядталған бөлшектер - иондарға ыдырайды . (Ион-грек тілінен аударғанда ,кезбе, деген сөз ) . Бұл теория көптеген тәжірбиелер арқылы дәлелденді . С.Аррениус :( Қышқылдар , негіздер және тұздар суда ерігенде оң және теріс зарядты иондарға ажырайды , яғни диссоциацияланады )- деген пікір айтты .

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80

...