0 дауыс
30.8k көрілді
Қышқыл, сілті және тұз ерітінділері

Органикалық заттар

Газдар

Кристалдық тор түрі молекулалық және атомдық болатын заттар

1 жауап

0 дауыс

Электролиттер ( грек. lysіs – еру, ыдырау) – еріген немесе балқыған күйде электр тогын өткізетін заттар.Электролиттерге қышқыл, негіз, тұздың судағы ерітінділері жатады; бұларда электр тогы иондар арқылы тасымалданады. Э ерітінділерінен ток өткенде электродтарда тотығу-тотықсыздану процестері – электролиз жүзеге асады. Электролиз Фарадей заңдарына сәйкес жүреді, ол таза металдар, хлор, күшті сілтілер алуда кеңінен қолданылады. Диссоциациялану дәрежесіне () қарай Электролит әлсіз (3%-ға дейін) және күшті (30%-дан артық) болып екі негізгі топқа бөлінеді. Әлсіз Электролит. диссоциацияланған ерітінділерде иондарға жартылай ыдырайды (қ. Электролиттік диссоциация). Әлсіз Э-ге көптеген органик. қышқылдар, негіздер, сондай-ақ кейбір бейорганик. қышқылдар мен негіздер (мысалы., H2S, H2SO3, HCN, NH4OH) жатады. Күшті Электролиттик ерітінділерде түгелдей ионға ыдырайды. Барлық тұздар, көптеген органик. және бейорганик. қышқылдар мен негіздер күшті Э-ге (HCl, HBr, HІ, HNO3, H2SO4, LіOH, NaOH, KOH) жатады. Ғылым мен техникада Элертролиттердин маңызы зор. Тірі организмдер денесіндегі барлық сұйықтар Электролиттер. болып саналады.

Электроиттер-иондық және ковалентік полюсті байланыстары бар заттар . Кристалдық торы - иондық .Тұздар ,сілтілер ,қышқылдар . Электролиттердің судағы ерітінділерінің қасиеттерін алғаш түсіндірген швед ғалымы Сванте Аррениус болды (1887ж) . Ол электролиттік диссоциалану (ыдырау) теориясын ұсынды .Бұл еңбегі үшін оған 1903 ж. Нобель сыйлығы берілді . Электролиттік диссоциацияланудың мәні :электролит молекуласы су молекуласының әсерінен зарядталған бөлшектер - иондарға ыдырайды . (Ион-грек тілінен аударғанда ,кезбе, деген сөз ) . Бұл теория көптеген тәжірбиелер арқылы дәлелденді . С.Аррениус :( Қышқылдар , негіздер және тұздар суда ерігенде оң және теріс зарядты иондарға ажырайды , яғни диссоциацияланады )- деген пікір айтты.

Электролитке жататын заттар:

Қышқыл, сілті және тұз ерітінділері: Бұл заттар суда ерігенде немесе балқығанда оң және теріс зарядталған иондарға ыдырайды, бұл олардың электр тогын өткізуіне мүмкіндік береді.

Кейбір органикалық заттар: Органикалық қышқылдар (сірке қышқылы, лимон қышқылы және т.б.) және олардың тұздары суда ерігенде иондарға ыдырайды және электролит болып табылады.

Электролитке жатпайтын заттар:

Газдар: Газдардың молекулалары бір-бірінен алшақ орналасқан және зарядталған бөлшектердің қозғалуына кедергі келтіреді, сондықтан олар электр тогын өткізбейді.

Кристалдық тор түрі молекулалық және атомдық болатын заттар: Бұл заттардың кристалдық торында зарядталған бөлшектердің еркін қозғалуына мүмкіндік бермейтін ковалентті немесе молекулааралық байланыстар болады, сондықтан олар электр тогын өткізбейді. Мысал ретінде қант, спирт, көптеген органикалық қосылыстарды айтуға болады.

Қосымша ақпарат:

Электролиттердің ерітінділері мен балқымалары электр тогын өткізеді, бірақ олардың қатты күйінде электр тогын өткізу қабілеті төмен немесе мүлдем болмауы мүмкін.

Электролиттер күшті және әлсіз болып бөлінеді. Күшті электролиттер ерітіндіде толығымен иондарға ыдырайды, ал әлсіз электролиттер тек ішінара ыдырайды.

...