0 дауыс
486 көрілді
1. Тұтынушы еңбекақысының өсуі себебінен тауарға сұраныс артты. Бұл тауар қандай тауар деп ойлайсыз? Жауабыңызды негіздеп айтыңыз және оны график түрінде көрсетіңіз.

2. Сұраныс көлемінің өзгеруін қалай түсіндірер едіңіз, мысал келтіріңіз және оны график түрінде келтіріңіз.

3. Ұсыныс қисығының оңға қарай жылжуы қандай жағдайда болуы мүмкін:

а) осы тауарды өндіруге арналған ресурстар бағасының өсуі;

ә) жаңа технология енгізу, ол еңбек өнімділігін арттырады;

б) инфляцияны күту.

4. Тауардың нақты нарықтық бағасы тепе-теңдік бағадан төмен деп қарастырсақ, бұл жағдайда:

а) сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артық болады;

ә) сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен кем болады;

б) сұраныс ұсыныстан кем болады;

в) сұраныс ұсыныстан артық болады;

5. Егер субетитут тауардың бағасы өзгерсе, онда қарастырып отырған тауарға сұраныс қалай өзгереді:

1. Көмірге сұраныс (Мұнай бағасы жоғарылаған кезде).

2. Шәйға сұраныс (кофе бағасы жоғарылыған кезде).

3. Тауыққа сұраныс (ет бағасы төмендегенде).

          Көмірге, шәйға, тауыққа сұраныс қисықтары қандай бағытта өзгереді?

6. Егер комплемент тауардың бағасы өзгерсе, онда қарастырылып отырған тауарға сұраныс қалай өзгереді:

1. Жеміс-жидекке сұраныс (қант бағасы жоғарылаған кезде).

2. Фотоаппаратқа сұраныс (фотопленка бағасы жоғарылаған кезде).

3. Машинаға сұраныс (бензин бағасы жоғарылаған кезде).

          Жеміс-жидекке, фотоаппаратқа, машинаға сұраныс қисықтары қандай бағытта өзгереді?

7. Сұраныстың бағалық икемділігін ескеріп, келесі тауарларға сұраныс икемділігі қандай екенін анықтаңдар:

А) тұз;

Ә) нан:

Б) сабын;

В) бриллианттар;

Г) 8 наурызға гүл

Д) сигареттер;

Е) «Camel» сигареті;

Ж) «Audi» автомобилі.

8. Сұраныс икемділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер қандай? Осы көрсеткіштерді ескере отырып, келесі тауарларға сұраныс икемді немесе икемсіз екенін анықтаңдар:

а) буталирленген су;

ә) тіс пастасы;

б) Crest тіс пастасы;

в) кетчуп;

г) бриллиантпен безендірілген білезік;

д) Microsoft Windows.

9. «Егер ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныстың бағалық икемділігі төмен болса, онда жоғарғы шамада алынған егін өнімі фермерлердің табыстарына теріс әсер тигізеді». Осы тұжырымды бағалап, оны график түрінде көрсетіңіз.

10. Сіз облыстық салық комитетінің төрағасы болып сайландыңыз. Сіздің міндетіңіз – акциз салықтары көмегімен облыс бюджетін толтыру барысында бағдарламалар жасау. Қандай тауарларға салық салу керектігі туралы шешім қабылдағанда, сіз осы тауарларға сұраныс қандай екендігі туралы ақпараттарды пайдаланасыз ба? Жауапты түсіндіріңіз.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...