0 дауыс
4.8k көрілді
Натрий карбонатының және кальций хлоридінің сапалық құрамын талдау

1 жауап

0 дауыс

Карбонат-ионға сапалық реакция.

Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін және осындай көлемде барий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін құйып, бірнеше тамшы күміс нитратын қосыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар.

Түзілген тұнбаға 0,5мл сұйытылған азот қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

Шешуі:

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: натрий карбонаты, барий хлориді,күміс нитраты, сұйытылған азот қышқылы ерітінділері, сынауықтар.

Натрий карбонатының ерітіндісіне барий хлоридінің ерітіндісін қосқанда ақ барий карбонатының тұнбасы түзіледі:

24

Na 2CO3+BaCl2=BaCO3 +2NaCl молекулалық теңдеу

2Na++CO32-+Ba2++2Cl-=BaCO3 +2Na++2Cl- толық иондық теңдеу

CO32-+ Ba2+= BaCO3 қысқартылған иондық теңдеу

Ал күміс нитратының ерітіндісін қосқанда ақ күміс карбонатының тұнбасы түзіледі:

Na 2CO3+2AgNO3=Ag2CO3 + 2NaNO3молекулалық теңдеу

2Na++CO32-+2Ag++2NO3- -=Ag2CO3+2Na++2NO3- толық иондық теңдеу

CO32-+2Ag+= Ag2CO3 қысқартылған иондық теңдеу

Ag2CO3= Ag2O +CO2

қара тұнба

Түзілген тұнбаға сұйытылған азот қышқылының ерітіндісін қосқанда жүретін реакция теңдеулері:

BaCO3 +2HNO3(сұйы)= Ba(NO3)2+Н2O+CO2

Ag2CO3 + 2HNO3(сұйы)=2 AgNO3+ Н2O+CO2

Толығырақ: https://ust.kz/word/zattardyng_sapalyq_quramyn_anyqtay-150302.html

...