0 дауыс
3.3k көрілді

өрттен сақтану шаралары?

1 жауап

0 дауыс

Өрттің алдын алу шараларын ұйымдастыру және техникалық шаралар деп екіге бөлуге болады.

Ұйымдастыру шаралары:

— тұрғындардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

— көрнекі үгітпен насихаттау;

— ерікті өрт сөндірушілерін жасақтау;

— ашық от жағыуға, темекі шегуге, жарамсыз пештерді пайдалануға, т.с.с. тыйым салу жұмыстары жатады.

Барлық жұмыс істейтіндер өртке қарсы күрес жөнінде инструктаж алуы, ал дәнекерлеушілер, пісірушілер, электриктер, қоймашылар арнайы курстарда оқудан өткізілуі тиіс.

Техникалық шараларға;

— құрылыстарды өртке төзімді материалдардан салу;

— құрылыстардың талапқа сай арақашықтығын сақтау;

— қыстақтарды суға жақын  жерге орналастыру;

— барлық құрылыстарда өрт кезінде кететіндей арнайы есіктер болуы тиіс және олар сыртқа қарай ашылатын болуы қажет;

— пештер, қыздырғыш, құбыр желілері талапқа сай болуы тиіс;

— су жүретін қатып қалғанда оларды ыстық сумен, болмаса ыстық құммен еріту қажет;

— қоймалар, жанармай сақтайтын жерлер, егістіктер айналдыра соқамен жыртылып қойылуы тиіс;

— тракторлар ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы тиіс;

— электр жүйелерінде жерге тұйықтау, нөлдік сымға қосу істері жасалуы тиіс;

— шөпті, астықты кептіргенде желдеткіш айдайтын ауаның температурасы 110-120°С-тан аспауы қажет;

— от сөндіргіш, күрек, құм салған жәшік, киіз болуы тиіс;

— жайтартқыштар жасалуы қажет.

Жануды тоқтату әдістері және от сөндіргіш заттар

Жануды тоқтатудың үш жолы бар:

  1. Жанатын заттың отқа келуін тоқтатып,басқа жаққа алып кету;
  2. Жанып жатқан жерге оттегінің келуін тоқтату немесе оны азайту;
  3. Жанып жатқан затты салқындату.

Отты сөндіру үшін өрт сөндіргіш заттар пайдаланылады. Олар:су,көбік,көмір қышқылы,инертті газдар,құм,ұнтақтар және түрлі жапқыш құралдар:брезент,киіз,асбест.

Су – өрт сөндіру үшін көп қолданатын зат. Судың ағыны жалынды бөліп,тұншықтырады.Сондай-ақ , су жанып жатқан затты салқындатып,отты сөндіреді.Су отқа тигенде буға айналып,ол жерге оттегінің қатысуына жол бермейді,сөйтіп жануды тоқтатады.
Бірақ суды барлық уақытта пайдалануға болмайды.Ол ток өткізгіш,ол арқылы адамды ток ұруы мүмкін. Қатты қызған темірге тигенде су сутегі мен оттегіне бөлініп,қопарылыс пайда етеді. Сондай-ақ,су кальций карбидне тигенде ацетилен бөлінеді,әктасқа тигенде жоғары жылу бөлінеді. Мұның бәрі адамның денесін күйдіруі мүмкін.

Судың салмағы жанармайдан ауыр.Сондықтан су жанып жатқан майды сөндірудің орнына оны ұлғайтып жіберуі мүмкін.Су төмен температурада қатып қалады.

Көбік – жақсы от сөндіргіш зат. Көбікті қысылған ауамен немесе химиялық жолмен алады.Қысылған ауамен алынатын көбік ауаның түйіршіктерінен тұрады, ал химиялық жолмен алынатын көбік газдан тұрады. Көбік жеңіл болады, оны жанар-жағрмайларды сөндіру үшін пайдаланады. Көбік бензиннің бетінде қалқып жүреді және отқа ауаның, будың, газдың баруына жол бермей,сөндіреді.

Көбікпен еріткіш сұйықтар, электр тогы жүріп тұрған желілерді, адамның үстіндегі киімді сөндіруге болмайды. Ол үшін түрлі жапқыш заттарды пайдалану керек (киіз, брезент, асбест).

Көмірқышқыл газын түрлі отты сөндіруге пайдалануға болады. Олток өткізбейді, ауаны келтірмейді. Оған қоса, көмірқышқыл газының қар сияқты массасы -72°С температурасымен отты салқындатады. Олауадан 1,5 есе ауыр. Демек, ол оттың арасына кіріп, тұншықтырады.

Көмірқышқыл газымен этилді, спиртті, целлулоидты, термитті сөндіре алмаймыз. Өйткені олар оттегінің қатусыз жанады.

Отты сөндіруге, сондай-ақ инертті газды, өрт сөндіргіш ұнтақтарды пайдаланады.

Құм да отқа оттегіні келтірмей салқындатады.

               

Өрт сөндіргіш құралдар

Өрт сөндіру үшін түрлі техникалық құралдарды пайдаланады.Олар жарамды күйде болуы тиіс.

Олар:

-орт сөндіру жабдықтары(су құятын бактар, өрт шелектері, құм салатын жәшіктері, өрт сөндіргіш аспаптардың тақтасы, өрт қауіпсіздігінің белгілері);

— өрт сөндіру қондырғылары (өрт гидранттары, гидрант-колонкалары, өрт крандары, сорғылары, көбік араластырғыштар;)

— өрттен құқару құралдары (сатылар, арқандар);

— өрт сигнализациясы (автоматы немесеқолмен қосылатын қондырғылары – дыбыс, жарықты аралас);

— от сөндіргіштер- олардың ауа мен көбіктің қоспасын, химиялық көбікпен, сұйықпен, ұнтақпен, қышқылмен сөндіретін болады.

— өрт сөндіретін қондырғылар-бөлменің ішіндегі отты сөндіру үшін пайдаланылады. Олар аэрозолды, сұйықты, сулы, газды, булы, көбікті, ұнтақты болады;

— өрт машиналары (өрт сөндіруші автомобильдер, мотомпалар).

Ауыл шаруашылығы өндірісінде төмендегідей от сөндіргіштер көп пайдаланылады:

— қолмен іске қосатын көбікті от сөндіргіштер: ОП-5, ОХП-10;

— көмірқышқылды от сөндіргіштер: ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8;

ОП-5 от сөндіргіштің қаңқасына 400 грамм натрий бикобранатының ұ литрлік ерітіндісіне 50 грамм мия сығындын (солодковый экстракт) қосып толтырылады. Ал стаканға 120грамм күкірт қышқылды темір тотығын көлемі 250 см³ ыстық (85-95°С) суға ерітіп құяды. Стаканға құяр алдында ерітіндіні 30-35°С салқындатады.

Бұл от сөндіргіш 1 минут жұмыс істейді. Сол уақытта 50 литр көбікті 6-8 м қашықтықта шаша алады. Әрбір 3 жылда от сөндіргіштің жағдайын тексеріп тұру қажет.

...