0 дауыс
254 көрілді
Мен кешке сүтке балл қосып ішуді әдетке айналдырсамба деген едім, ішіп жүргеніме 1-2 апта болды.Бірақ қазір сүтті ішкім келмей қалды, не себепті олай ? Ол ненің белгісі ? Сүт ауылдікі.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Сүттің пайдасы өте көп болғанмен шамадан тыс ішкен кезде одан жалығу сезімі пайда болады. Ондай сезім кез келген тағамды үздіксіз пайдалана мберуден туындайды. Одан қорқудың қажеті жоқ.

Осы орайда сүттің пайдасы жайлы айтып кеткім келеді.

Салмақты сақтауға және бұлшықетті өсіруге көмектеседі

Артық салмақпен күресіп жүрген жандар үшін сүттің пайдасы зор. Диетадан кейін салмақты бір қалыпта сақтауға, бұлшық ет массасын жоғалтпай, өсіру үшін ағзаға тағаммен берілетін макронутриент ақуыз қажет. 100 грамм сиыр сүтінде шамамен 3,2-3,5 грамм ақуыз бар, мұндай ақуыздың сіңу коэффициенті – 1.0. Бұл – барлық қажетті аминқышқылдарды қамти отырып сүт ағзаға толығымен сіңеді деген сөз.

Инсульт және жүректің ишемиялық ауруы қаупін төмендетеді

Сиыр сүтінде майлар шамамен 63 пайызды құрайды. Олар жүрек пен қан тамырлары үшін зиянды деп саналады, бірақ ғылыми дәлелі жоқ. Керісінше, ірімшік, майсыз сүт және қышқыл сүт өнімдері инсульт пен жүрек ауруларының қаупін төмендетеді. Бұдан бөлек, сүтте 4,73 пайызға дейін жүрек пен миға пайдалы май қышқылдары болады. Бұл қышқылдар тек көктем және жазда құнарлы шөппен қоректендірілген жануарлардан көп бөлінеді.

Сүйектің сынуына жол бермейді

Сүйек пен тіс күшті және сау болу үшін ағзаға кальций қажет. Сонымен қатар, бұл макроэлемент қан тамырларының, жүйкенің және гормондардың жұмысына қатысады. Адам ағзасына кальций жетіспеген кезде денсаулығы сыр бере бастауы мүмкін. 100 грамм сүтте 112 миллиграмм кальций бар. Сүттегі кальций лактозаның, D дәруменінің және фосфордың арқасында ағзаға жақсы сіңеді.

Егде жаста мидың жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі

Сүтті жақсы көретін егде жастағы адамдардың миында глутатион көп болады. Бұл мидағы жасушаларды бос радикалдардан қорғайтын күшті антиоксидант.

...