0 дауыс
1.5k көрілді
Шыңғыс ханның, ұстанған ұлысы жайлы айта кетіңіздерші таппай жатырмын!

2 жауап

0 дауыс

Шыңғыс хан басып алынған жерлерді өз ұлдарына: қыпшақ даласын Жошыға, Іле, Жетісу, Мауераннахр өлкелерін Шағатайға, Шығыс Түркістан, Алтайды Үгедейге бөліп берді. Батысқа қарайғы жерлерді басып алуды Жошыға тапсырып, өзі 1225 ж. Қарақорымға қайтып оралды. 1226 ж. таңғұттарға қарсы соңғы жорығын жасады. Шыңғыс хан империясы Ляодун түбегінен Кавказға, Байкалдан Тұрпанға дейінгі алып кеңістікті алып жатты. Шыңғыс хан өлерінде балаларына Корея түбегіне дейінгі өлкені жаулап алу мен батысқа қа-райғы шабуылдарды жалғастыра беруді өсиет етті. Әкесінен кейін “ұлы хан” тағына отырған Үгедей Алтын елін біржолата жаулап алды. Мөңке Қытайға қарсы жорыққа аттанды, Төленің тағы бір ұлы Хулагу Иранды бағындырды. 1235 ж. Бату бастаған қол батысқа қарай жорық жасап, Шығыс Еуропаның көпшілік бөлігі мен Русьтің шығысын жаулап алды. Нәтижесінде 1245 – 46 ж. әйгілі Жошы-Қыпшақ (Алтын Орда) державасының негізі қаланды. Бұл держава шығысынан батысына дейінгі аралығы шамамен 6160 км, солтүстігінен оңтүгіне дейінгі аралығы 4400 км алып өлкені қамтыды. Қытайға қарсы аяқталмай қалған жорықты Құбылай одан әрі жалғастырды. Бұл жорық 30 жылға (1260 – 90) созылды.

1227 жылы Шыңғыс хан өлгеннен кейінгі Азия картасы.

Нәтижесінде бүкіл Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдері Моңғол империясы билігіне өтіп, Құбылай Қытайда Юань әулетінің негізін қалады. Ол империя астанасын Қарақорымнан Кайпинге (Пекин) көшірді. 1271 ж. жаңа астана салғызып, оны “Хан қаласы” (Ханбалық) деп атады. Бірақ көшпелілердің ат жалында жүріп күшпен жаулап алынған қоғамдық, экон. даму дәрежесі әр түрлі елдер мен халықтарды бір орталықтан басқару оңай емес еді. Моңғолдар жаулап алған елдерінде өздерінің ұлыстық әскери-бюрократ. билік жүйесін орнатты. Осыған байланысты ұлыс билеушілері өздерін орталықтан дербес, жеке билік иесі ретінде сезіну үшін жергілікті ақсүйектермен жақындасып, солардың салт-дәстүрлерін қабылдады. Бұл өз кезегінде империяның ыдырауын тездетті. Дегенмен, Моңғол империясы арқылы Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынастар дамып, Ұлы Жібек жолы қайта жандана бастады. Сонда да жаулап алынған әрбір халық, әрбір аймақ мүдделерін бір орталықтан реттеп отыру мүмкін болмады. Империя астанасы Кайпинге көшірілгеннен кейін онда бір-бірімен терезесі тең үш ортаға: Юань, Жошы-Қыпшақ және Ирандағы ильхандар мемлекеттері пайда болды. Юань билігі 108 жылға, ильхандар билігі 120 жылға созылса, Жошы-Қыпшақ державасы 240 жылға жуық өмір сүрді. Кейіннен бұл державалардың орнында көптеген ұлттық мемлекеттер өсіп шықты. Солардың бірі Алтын Орда, Ақ Орданың тікелей мұрагері – Қазақ хандығы болып табылады.

0 дауыс
Ұстанған ұлысы дегенді түсінбедім.

Бірақ, ол балаларына 4 ұлыс бөліп береді.

Жошы-Қазақстан мен солтүстік және батыс аумақтар.

Шағатай-Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан

Үгедей-Алтай мен Моңғолия жері

Төле-Қарашаңырақта қалған. Қарақорымда отырған. Бірақ оның балаларының жеке жеке ұлыстары болған. Хулагу-Парсы, Ирак, Сирия, Кіші Азия жерлері. Құбылай-Қытай.
...