0 дауыс
338 көрілді
Экологиялық уытты заттарды қалай түсінесіз

1 жауап

0 дауыс

Адам ағзасы мен оны қоршаған тірі және өлі орта – химиялық элементтерден және химиялық қосылыстардан тұрады және дүниедегі барлық тірі ағзалардың өсіп-өнуі осы заттардың алмасуы мен олардың басқа қосылыстарға айналуына негізделген. Алайда, табиғатта заттар белгілі бір орында, нақты мөлшерде болуы және белгілі жылдамдықпен өзгеруі тиіс. Осы заңдылық кездейсоқ, арнайы немесе жасанды жолмен өзгерген жағдайда, өзгеріс табиғатқа, жүйеге немесе организмнің өсіп-өнуіне әсер етуі мүмкін.

Сараптау[өңдеу]

Қазіргі заманғы сараптама бойынша қоршаған ортаның химиялық ластану мәсәлесі - өзекті мәселенің бірі. Қазіргі күні әдебиеттердегі мәліметтер бойынша биосферада 5-6 миллион химиялық қосылыстар кездесетіні белгілі, олардың 60-80 мыңы өнеркәсіптік масштабта өндіріледі.

Жер бетіндегі химиялық қосылыстардың көптігі және олардың күннен күнге өсуі, химиялық заттардың уыттылығы мен қауіптілігін бағалауда (токсиметрия) қиындық туғызады: біріншіден, токсикологиядағы белгілі уытты заттар жайлы мәліметтерді білу, екінші – халық шаруашылығы өнімдері немесе күрделі өндіріс қалдықтары болып табылатын, жаңадан пайда болған әртүрлі химиялық қосылыстардың қауіптілігін алдын-ала болжау және бағалай білу.

Зиянды заттардың әсер ететін нысаны әртүрлі деңгейдегі кез-келген дене бола алады. Осыған байланысты, әсер ету критерийі мен бағалау жүйесі өзгеруі мүмкін. Барлық нысандардың ерекшеліктерін ескере отырып, техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша медицина мен биологиялық ғылым сферасында қолданылатын жүктеме концепциясы мен критерийі негізінде жүйелі санитарлық-гигиеналық норма мәселесі шешіледі.

Факторлар[өңдеу]

Адамзат өміріне және қоршаған ортаға зиянды әсер ететін факторлардың үш тобын: физикалық, химиялық және биологиялық деп бөліп айтуға болады.

Зиянды заттардың химиялық әсерін анықтау химик-сарапшы үшін өте маңызды.

Қорытынды[өңдеу]

Улы химикаттарды (пестицидтерді) ауыл шаруашылығында зиянкестерге қарсы және өсімдіктерді өңдеуге қолдануына байланысты жеміс-жидектерге, өсімдік өнімдерінде улы заттардың мөлшері өсіп келеді. Улы химикаттардың бір бөлігі сүтте, жануар ұлпаларына жиналады. Жануарлардың сүті мен етін пайдалану адамзаттың улануының негізгі көздері болып саналады. Өсімдікке қонған улы химикаттар жаңбыр суымен шайылып, ағын суларды улауы мүмкін.

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B7%D0%B8%D1%8F%D0%BD%D0%B4%D1%8B_%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80

...