ШАРЫҚ
зат. Теріден, тал қабығынан жəне т.б. арзан заттан лекерлеп
жасалған аяқкиім, шəркей. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 159-бет.
ОМБЫЛА
ет. Қарға белуардан батып, малтығу. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 7-т. 422-бет.
МӨНТЕҢ:
мөнтең қақты. Безек қақты, безілдеді. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 7-т. 238-бет.
ТАБАЛА
ет. Біреудің сəтсіздігіне қуану; өзіне сол керек деу. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 520-бет.
ҚҰЙЫРШЫҚ
зат. 1. Құйымшақтың сүйірленіп келген ұш жағы. 2.
Ауыс. Біреудің қолшоқпары, сойылын соғушысы; жағымпаз. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 6-т. 448-бет.
ҚИҚАЛАҚТАП
ет. Қиқаң-қиқаң ету, қиқаңдау, қиқалаңдау. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 191-бет.
КҮДЕР:
күдер үзді. Орындауға болмасына көзі жетті, үмітін үзді,
түңілді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5-т. 259-бет.
КЕСІР
зат. Зиян, залал, зардап. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 5-т.
4-бет.
ТӨЛЕҢГІТ
зат. көне. Төренің күтушісі, малшы-жалшы қызметшісі.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 232-бет.
Толығырақ: https://emirsaba.org/gauar-elimbek-korkem-shifarmalar-arili-til-jretuge-arnalfan-az.html?page=14