0 дауыс
699 көрілді
Авиация академиясына түсу үшін ағылшын тілін білу міндетті ма?

2 жауап

0 дауыс

Авиация академиясының ресми сайтында ол туралы ешқандай ақпарат айтылмаған. Ағылшын тілін білген өзіңізге тиімді болады, себебі Қазақстандық қана емес басқа шет елдік әдебиеттерді де пайдаланып біліміңізді жетілдіре аласыз.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. Осы "Азаматтық Авиация Академиясы" АҚ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау ережесі "Нормативтік құжаттар мен сілтемелер"бөлімінде көрсетілген құжаттарға сәйкес әзірленген. Бұл құжат AGAD-19-09 академиялық саясатында сипатталған академияға қабылдау саясатын жүзеге асыру болып табылады және оқуға қабылдау тәртібін сипаттайды.
  2. Академияға түсетін тұлғаларды қабылдау республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы мен білім беру грантын орналастыру, сондай-ақ білім алушының өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.
  3. Академияда құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін Басқарма Төрағасы - ректордың шешімімен қабылдау комиссиясы құрылады, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы тағайындалады. Қабылдау комиссиясы мүшелерінің құрамы, құқықтары мен міндеттері Академияның қабылдау комиссиясы туралы Ережемен реттеледі.

БАКАЛАВРИАТҚА ҚАБЫЛДАУ

  1. Академияға жоғары білім бағдарламалары бойынша оқуға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар қабылданады.
  1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) академияға ақылы оқуға қабылдау үшін орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша алған тұлғалар жіберіледі.:

- "Әуе кемелерін техникалық пайдалану", "Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету", "Әуежайлардың жердегі радиоэлектрондық жабдықтарына қызмет көрсету", "Авиациялық тасымалдарды ұйымдастыру және логистика", "Әуежай қызметін ұйымдастыру" білім беру бағдарламаларына - кемінде 50 балл, оның ішінде әрбір пән бойынша кемінде 5 балл;

- "Әуе қозғалысына қызмет көрсету" (авиадиспетчер), "Әуе көлігін ұшуда пайдалану" (ұшқыш) білім беру бағдарламаларына - кемінде 75 балл, оның ішінде әрбір пән бойынша кемінде 5 балл (ҚР Білім туралы Заңының 26-бабының 8 және 9-тармақтарында көрсетілген түсушілерді қоспағанда).

7. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл алған адамдар жіберіледі.

8. Ақылы оқуға түсетін, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдарды қабылдауды әңгімелесу нәтижелері бойынша Академияның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Туыстық топтардың тізбесін ҚР БҒМ бекітеді.

9. ААА-ға ақылы негізде қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білімі бар адамдарды қабылдауды әңгімелесу нәтижелері бойынша Академияның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

10. Мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық ЖЖОКБҰ-ға білім беру гранты негізінде бөлінген квота бойынша шетел азаматтарын қабылдау ААА қабылдау комиссиясы өткізетін ауызша әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде Академияда оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

11. Әңгімелесу жоғары, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, "орта буын маманы" немесе "қолданбалы бакалавр" біліктілігі бар, даярлаудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде түсетін Қазақстан Республикасының азаматтарымен, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе жоғары білімі бар, ақылы негізде оқуға түсетін шетел азаматтарымен өткізіледі.

Әңгімелесу өткізу үшін Академияда комиссия құрылады, оның құрамы ААА Басқарма Төрағасының –ректорының бұйрығымен бекітіледі. Әңгімелесу кестесін қабылдау комиссиясы қалыптастырады және ректор бекітеді. Әңгімелесу нәтижесі әрбір талапкерге жеке хаттамамен ресімделеді, ол талапкердің жеке ісіне тігіледі.

12. "Әуе қозғалысына қызмет көрсету", "Әуе көлігін ұшуда пайдалану" білім беру бағдарламаларына түсушілерден құжаттарды қабылдау дәрігерлік-ұшу сараптау комиссияларында (ДҰСК) міндетті түрде медициналық куәландыруды ұсынумен, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарау қағидаларына сәйкес пилоттар мен авиадиспетчерлерді даярлау бойынша Академияда оқуға жарамдылығы мәніне медициналық қорытынды берумен жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығымен бекітілген).

13. SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар білім беру грантын беру конкурсына қатысады және (немесе) балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес ЖОО-ға ақылы бөлімге қабылданады. ҰБТ-ға SAT (САТ) балдарын ауыстыру SAT reasoning (САТ ризонинг) және SAT subject (САТ сабджект) сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл ретте SAT subject (САТ сабджект) нәтижелері бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ҰБТ балына ауыстырылады.

ҰБТ-ға балдарды ауыстыру үшін SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар ағымдағы жылдың 5 шілдесіне дейін ҰБТӨП-ке сертификаттар ұсынуы тиіс, деп көрсетілген академияның ресми сайтында.

https://agakaz.kz/education/c/bakalavriat_1

0 дауыс
Заманауи әлемінде ағылшын тілі міндетті түрде үйренуге қажет. Қайсы өмірді жеңілтеді
...