0 дауыс
1.2k көрілді
Топырақ пен биосфераның дамуы?

1 жауап

0 дауыс
  1. Биосферадағы топырақтың рөлі  және оның негізгі қасиеттері мен маңызы

   Биосферадағы топырақтың рөлі  Тапырақ-атмосфералық ауамен түйісіп тұрған құрлықтың жоғарғы борпылдақ беткі қабаты. Топырақ — барлық элементтердің аккумуляторы: ол оларды өзінде жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны,эрозия, құрғақшылық, т.б.) әсеріне қарсы тұра алады. Бірақ топырақ көптеген антропогендік факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану, т.с.с.) ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді. Топырақтың құнарлылығы адам іс- әрекетіне де байланысты.

     Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен , климатымен, өсімдіктермен, релфімен жіне ландшафтарымен тығыз байланыста болатынын атап өрсеткен.  Докучаев «Топырақ-ландшафттың айнасы» деген.

Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор. Топырақты жекеленген экожүйе деп атауға болады.

    Биосферадағы топырақтың рөлі  Биологиялық айналым топырақтан басталады: одан минералдық заттар мен су сіңіріледі де, айналым редуцент- ағзалардың қызметімен аяқталады.

Биосферадағы топырақтың маңызы  Топырақ санитарлық кедергі ретінде маңызы өте зор.

Топырақта ауамен салыстырғанда температуралық ауытқлар біршама аз, ал жер асты сулары ондағы белгілі бір ылғалдылық режимін қалыптастырады. Топырақта органикалық және минералды заттар қоры жинақталады да, онда түрлі тірі организмдердің тіршілік етуіне жағдай жасайды. 1м 2  топырақ қабатында 100 млрд-тан аса қарапайым клеткалары млн-даған коловраткалар, тихоходкалар, энхитрендер, бүргелер мен носикомдар тіршілік етеді.

  1. Топырақ эрозиясының түрлері және себептері

«Эрозия» термині латын тілінен аударғанда «erodere» -«бұзу» деген сөзінен алынған. Эрозия дегеніміз- геологияда – тау жыныстары мен топырақ бетін аққан судың шаюы.

Эрозия процестердің сипатына қарай:

  1. Қалыпты(геологиялық)
  2. Жылдам(антропогендік)

Қалыпты эрозия-орманды жерлер мен өсімдіктердің топырағында жүреді

Жылдам эрозия- Табиғи өсімдіктер дүниесі жойылып біткен, топырақтың табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған територияларда байқалып, бұо  эрозия тез жүреді

Эрозия түрлері:

  1. Жазықтық эрозия- тау беткейлеріндегі, жоғары горизонттағы табиғаттардың  жаңбыр, еріген қар суымен шайылып кетуі.
  2. Сызықтық эрозия- тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы
  3. Жел эрозиясы, не дифляция-  топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желмен ұшуы.
  4. Ирригациялық эрозия-суармалы егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегі су  массасының берілуіне байланысты болады.
  5. Өндірістік эрозия- пайдалы қазбалар өндіру кезінде, әсіресе, ашық әдіспен өндіруде, тұрғын үй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар және газ мұнай құбырларын салу кезінде байқалады.
  6. Механикалық эрозия- Ауылшаруашылық мехникалардың ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабілетін ескермей пайдаланған жағдайларда қалыптасады

Эрозиямен күресу жолдары:

1) Айтарлықтай үлкен территорияларда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шек- теу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.

2) Айылымдарда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда шөптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су және жел эрозиясы болуы мүмкін. Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде (мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың енгізгі жолы мал жаю ережелерін сақтау мен рекреациялық қысымды төмендету болып саналады.

Егістік жерлерді қорғау шаралары:

—   ауыспалы егістерді дұрыс пайдалану;

—   топырақты бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасымен алмастыру;

—   жиектік жырту (рельефтің горизонттарымен);

—   өңдеуден бұрын бұзылатын құмды және құмдақ топырақтарды шығару;

—   шағын егіс танаптарын табиғи ландшафттармен кезектес- тіру;

—   танап қорғайтын орман белдеулерін жасау;

—   топырақтың құрылымын түзуге мүмкіндік туғызатын ор- ганикалық тыңайтқыштарды пайдалану;

—топыраққа әсер ететін қысымды кемітетін техниканы пайдалану.

  1. Топырақтығ ластануы, тұздануы және батпақтануы, олардың себептері мен зардаптары.

Топырақ құнарлылығының жойылуы топырақты интенсивті өңдеуге, ауыр ауылшаруашылық техникаларды қолдану нәтижесінде топырақтың тығыздануы, ластануға, ең алдымен қышқыл жаңбырлар мен минералдық тыңайтқыштарды тиімсіз пайдалануға байланысты туындап отыр.

Топырақтың тұздануы деп натрий, кальций, магний тұздарының топырақта өсімдіктердің өсуі мен дамуына зиянды әсер ететін концентрацияда жинақталуын айтады. Бұл құбылыс әсіресе, Египет, Ирак, Индия мен Пакистан, т.б. құрғақшылық климатты аймақтарда белең алып отыр. Жыл сайын Жер шарында тұзданудан 200-300 мың га суармалы жер қатардан шығады. Бүкіл әлемде қазіргі таңда 20-25 млн га жер тұзданып, өнім беру қабілетінен айрылған. Бұл жағдай, әсіресе Орта Азия мен Закавказье елдерінің топырақтарында көбірек байқалып отыр. Көбінесе топырақтың тұздануы грунт суларының құрамында болатын тұздар есебінен жүретіндігі жиі байқалады.

Тіпті тұзданудың аз ғана деңгейінде мақтаның өнімі 2030%, жүгері — 40-50%, бидай — 50-60% қысқарады. Тұздану орташа жүрген аймақтарда мақтаның өнімі екі есе төмендесе, ал бидай тіпті өспейді.

  1. Топырақты ластаушы көздер  және олардан қорғау.

Топырақты едәуір ластаушы көздер мал шаруашылығы комплекстері. Көбінесе сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы, 100 мың бас өсіретін шошқа комплексі немесе 35 мың бас ірі қара өсіретін комплекстің қоршаған ортаны ластау дәрежесі 400500 мың халқы бар үлкен өндірістік орталықпен бірдей дәрежеде болады. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларды салу өте қажетті шаралардың бірі.

Жер ресурстарына үлкен зиян келтіретін үшінші бір фактор — жердің азуы. Оның орын алу себептері — өніммен бірге қоректік заттардың топырақтан әкетілуі. Гумустың жойылуы, су режимінің және басқа да қасиеттерінің топырақтың азуының нәтижесінде, құнарлылығы жойылып, шөлге айналады.

Екінші реттік тұзданудың алдын алу шараларының бірі тереңдігі 1-1,8 м етіп террриторияда дренаждар жасау. Сол сияқты жаңбырлатып суғару ирригациялық эрозияға қарсы күрес шараларының бірі. Тұзды топырақтарды натрийдің тұздарын гипстеу арқылы тазарта

...