Киіз үй (оның құрылымы, ішкі безендірілуі). Қырғыз-қайcақтар- дың үйі оның көшпелі өміріне ыңғайлы: орташа көлем мен салмақтағы киіз үйді бір түйеге артуға болады. Ол керегелерден, жіңішке уықтар мен бірнеше киіз жабдықтардан тұрады. Біріншісі үйдің негізі, ал екіншісі суық пен аяздан қорғайды. Киіз үйдің ағаш құрамы үш бөліктен тұрады: кереге, уық және шаңырақ. Төменгі бөлік немесе кереге - түйіскен жерлері қайыспен байланған, көшуге киіз үйді жыққанда жеңіл жиналып, тіккенде керілетін торкөз ағаштар. Киіз үйдің көлемі екіден сегіз керегеге дейін барады1, оларды біріктіре байлағанда қанат деп аталады.
Уықтар немесе иілген үшкір ағаштар киіз үйдің күмбезін құрайды, олардың төменгі жағы керегеге байланады, ал жоғарғы үшкір жағы киіз үйдің төбесі - шаңырақтың жанынан жасалған тесіктерге енгізіледі.
Шаңырақ деп бірнеше доға етіп иіліп, көлденең шыбықтармен бекітілген ағаш дөңгелекті айтады. Ол киіз үйдің жарық кіретін және түтін шығатын тесік қызметін атқарады. Ол қажетінше ашылып немесе қымталып отыратын киіз түндікпен жабылады.

Киіз үйдің сыртына жабатын киіздің түрлері әрқалай, сондықтан атаулары да әртүрлі. Керегені жабатын төмендегі киіздер туырлық деп аталады, уықтың үстіне жататын киіздер үзік, ал шаңыраққа жабылатын төртбұрышты киіз түндік деп аталады. Жаңбырлы күні киіз үйден түтін шығу үшін түндікті бақанмен, яғни сырғауылдан жасалған ұзын сырық ағашқа, оның бір бұрышын іштен іліп, желді қалқалап, ық жасап көтереді. Астарына тоқылған ши салынған шағын ұзындау киіз есікті жауып тұрады. Үй жылы болу үшін кереге мен туырлықтың арасына түрлі-түсті жүнмен тоқылған ши ұстайды.
Киіз үйді тігу - қайсақ әйелдерінің ісі. Оны тігу қиын емес: керегені байлап, шаңырақты уықпен көтереді, сыртынан киіз жабады, екі арқанмен бастырып, керегенің шетіне есікті байлайды - бар жұмыс осы.
Киіздердің шеті тарқатылып кетпес үшін жиектеледі, яғни, тоқылған жіппен көмкеріледі, ал үзіктің төменгі шеті - ерекше мықты жіппен, кейде мауытымен тігіліп, әр түрлі ою-өрнекпен көмкеріледі, осылармен бірге үзікті киіз үйдің ағашына мықтап бекітетін қызыл жүннен тоқылған басқұр кигізіледі. Кейде есіктің жақтауы екі жағынан сүйектен ойып жасалған бейнелермен немесе қаңылтырға бастырған әшекейлермен өрнектеледі. Бай қайсақтар киіз үйдің ішін ташкенттік жібекпен безендіреді; мұндай таза, әдемі киіз үйлер әдетте ұзатылатын қызға жасау ретінде беріледі, оны отау деп атайды, оларды қыста ыстанып кетпес үшін құрмайды, тек жазда ғана, оның өзінде аса сыйлы қонақтар келгенде көруге болады. Мұндай ерекше киіз үйдің орташа бағасы 200-400 қойға тең. Ақ киіз өзге түстерге қарағанда артық саналады.
Кереге, уық, шаңырақ қайнатылған жосамен боялады. Боранды күндері жел жығып кетпес үшін шаңыраққа үйдің ішінен ұзын таяқтар тіреледі. Олар бақан деп аталады.
Енді киіз үйдің ішіне үңілейік. Ерлі-зайыптылардың төсегі есіктің оң жағында немесе есікке қарама-қарсы орнатылады, барлық дүние-мүлік кілемде немесе орыстың қызыл сандығының үстіне төсектің оң жағына жиналады, сыйлы қонақ келгенде, үстіне үлкен жібек кілем жабады. Құрметті қонақтарды отырғызатын орын төсектің бас жағы тұсында.
Қымыз құйылған саба мен оны пісуге арналған піспек, яғни таяқ алысырақ, төсектің аяқ жағына орналасады; ыдыс-аяқтар оң жақта жеке қойылып, беті шимен қалқаланады. Қару-жарақ төсектің үстіне ілінеді. Әсіресе, күз айларында шаңыраққа сүрлеуге қойылған жылқы еті, қазы, қой етін көре аласыз (олар туралы кейінірек айтамыз) сонымен бірге, қымызға арналған жаңа торсықтар, көнектер, майға арналған үрленген қарын мен айран құятын терілер болады.
Керегеден орыстың мыс легені мен оған ыңғайсыз бекітілген темір шығыршықты, уыққа ілінген қамшы мен ожауды көруге болады. Тұрмысы қарапайым және кедей қырғыздардың киіз үйі тіптен ретсіз: онда қонақтарға арналған құрметті орын жоқ, оны дәулетті қазақтың үйіндегідей байқай алмайсыз. Жерге киіз төселген, ал төрде киіз үстіне төселген кілем жоқ. Кедейдің үйінде барлық жерде қалай болса, солай - түтіннен қарайып кеткен шаңырақтан бастап, үнемі жаққан оттан күйіп кеткен ошақ орнына дейін салақтық байқалады.
Киіз үйді толықтыруға өзінің әдеттегі орны от жанатын жерден ешқашан түспейтін шайға арналған шәйнек немесе дәрет алуға арналған құман.
Қырғыз-қайcақтарда қос немесе жұлым үй деп аталатын тағы бір киіз үй түрі бар. Оны жылқышылар немесе жорық кезінде қолданады, мұндайда ол атқа артылады. Қостар аз кездеседі, егер ауылда кейде қос кездессе, ол саудагердікі болуы мүмкін. Қостың киіз үйден ерекшелігі - уықтары тік және шаңырағы болмайды, төбесі үшбұрыштанып бітеді, уықтың төменгі жақтары жіп орнына ілмегі болады, ол керегенің басына кигізіле салынады, қостың керегесі екеуден аспайды.
Қосты керуенмен жүргенде өте ыңғайлы деп санаған саудагерлер қолданады.
Киіз үйдің қалмақ үй деп аталатын үшінші түрі бар. Атауынан көрініп тұрғандай, бұл үй қалмақ торғауыттардан келген. Бұл қалмақ үй немесе торғауыт үй қайсақ киіз үйінен уықтарының ұзындығымен және аз иілгендігімен, шаңырағы бестен төрт бөліктен көп еместігі-мен ерекшеленеді және бұл киіз үй көбінесе конус пішінде болады.
Толығырақ: https://abai.kz/post/5464