Мүмкін биология пәнінен сұрақ болар себебі, химия пәнінің мазмұны бөлек болатын біз мектеп оқығанда.
Бозарамқұлақ сырттай қарағанда қозықұйрыққа ұқсас, бірақ айырмашылығы боз арамқұлақ қалпақшасының астыңғы ақшыл-жасыл түсті, ал қозықұйрықтың қалпақшасының астыңғы жағы алқызыл түсті.
Қозықұйрық (Agarіcus) – агарикалар тұқымдасына жататын қалпақты саңырауқұлақ туысының бірі. Қозықұйрық жер шарының барлық жерінде кездеседі, әсіресе, Франция, Америка, Ресейде көп таралған. 60-тан астам түрі белгілі. Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауында, Солтүстік Қазақстан және Алтайда, органикалық заттарға бай орман, шалғынды жерлерде өседі. Жиі кездесетін түрлері: екі споралы Қозықұйрық (A. bіsporus), кәдімгі Қозықұйрық (A. campester) және далалық Қозықұйрық (A. arvensіs). Бұлардың қалпағы ақ, ақшыл сары немесе қоңыр түсті, сырты ұсақ қабыршақ қабатты жарты шар тәрізді болады. Қалпағының диаметрі 3 – 25 см, оның төмен жағында жұқа жамылғысы орналасқан. Аяқшасы (түбіртегі) түзу, тығыз, кейде бос, қуыс болады; ұзындығы 10 см, диам. 3 – 5 см. Етті, ақ түсті, жемістік денесінің жағымды иісі бар. Қозықұйрық жылыжайда ауа температурасы 11 – 14°С, ылғалд. 80 – 90% болғанда 1,5 – 2 айда пісіп жетіледі. 300 жылдан бері қолдан өсіріледі. Екі споралы Қозықұйрық – жеуге жарамды, оның құрамында 45%-дай белок болады. Қозықұйрықтың 2 түрі (A. meleagrіs және A. xanthoderma) улы саңырауқұлақтың қатарына жатады.
Боз арамқұлақ ( бледная поганка) – ақ, сарғыш, жасылдау, сұрғылт – ақшыл түстi қалпағының үстiнде мақта тәрiздi қабыршақты ақ жарғақтары бар. Дiңгегiнде жарғақты белдеушесi болады. Түп жағын қалта тәрiздi жамылғы қаптайды. Көбiнесе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман шетiнде өседi.. Құрамында « фаллоидин» алкалоиды болғандықтан өте улы саңырауқұлақтардың қатарына жатқызады.