0 дауыс
2.5k көрілді
Тәңірқазған, Шақпақата, Құдайкөл тұрақтарынан қандай еңбек құралдары табылған?

1 жауап

0 дауыс

Тәңірқазған – палеолит тұрағы. Жамбыл облысы Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде. 1957 – 58 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарихи археология және этнография институтының тас ғасыры ескерткіштерін зерттеумен шұғылданған Қаратау отряды (жетекшісі Х.Алпысбаев) ашып, 1961, 1963 жылдары зерттеу жұмыстарын жүргізген. Барлық тас бұйымдары жалпақ төбешіктен жинастырылған. Ғалымдардың пікірінше бұл төбешік төменгі антропоген уақытындағы ежелгі аллювий аңғарымен сай келеді. Тас құралдары 1 км² аумақта бірнеше жерде шоғырланған. 1961, 1963 жылдары тас қарулары шоғырланған төрт жерге 0,75 м тереңдікке дейін тікқазба (шурф) түсірілген. Заттардың басым бөлігі, негізінен жоғарғы қабаттан алынған. Бұйымдарды жасауға сұр, қоңыр сұр, сұр қара, қара шақпақ тас пайдаланылған. Көпшілігі сары түсті патина қабаттан жабылған. Тәңірқазғаннан алынған бұйымдар мынадай негізгі топтарға бөлінеді: 1) екі шеті өңделген долбар шапқы құралдары (32 дана); 2) дөңгелек тұрпаттар (7 дана); 3) қол шапқы тәрізді құралдар (6 дана); 4) унифастар (3 дана); 5) тас жаңқадан жасалған бұйымдар (11 дана); 6) өзектастар (26 дана); 7) екінші қайта өңделмеген тас жаңқалары (266 дана). Жинаған заттардың типологиялық және техникалық анықтамасы Тәңірқазған Қазақстан жеріндегі ең көне ескерткіштердің бірі екендігін көрсетеді. Алынған бұйымдарды Еуразия мен Африка құрлығындағы археологиялық кешендермен қатар қоюға болады. Тәңірқазған ежелгі аңшылардың осында келіп қоныстану жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін бірегей ескерткіш. Оңтүстік Қазақстан өңірлерінен табылған шелль-ашель уақытына жататын Тәңірқазған секілді археологиялық нысандар республика жерін алғашқы адамдардың плиоцен-плейстоцен кезеңдерінде мекендегенін айғақтайды.

Ерте тас гасырының ен көнелері Маңғыстау түбегіндегі Шақпақ ата, Қаратаудағы Арыстанды Бөріқазған мен Шабақты Жамбыл облысында 5000 жуык тас құрал табылған.

...