0 дауыс
4.8k көрілді
Күлтегін жырының маңызы қандай?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

 Біздің арғы атамыз түріктер көк аспанның астында найзағайдай жарқылдап еркін өскен. Ақыл айтар абызы, жауды жасқар батыры қай кездеде сақадай сай тұрыпты. Олар «бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып» тұрған ауызбірлігі барда өз алдына дербес ел болып, гүлдеп-көктеп, биіктеп өскен. Кейінен өзара баққа, таққа таласып, хандығынан айырылып, қабырғасы қайысқан, омыртқасы майсықан. Бұл жайында «Күлтегін жырында» тайға таңба басқандай те анық айтылған: «алтынды, күмісті, дақылды, жібекті соншама шексіз беріп жатқан табғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді. Асыл қазынасын беріп, жырақтағы халықты (өзіне) соншама жақындатар еді» (Асыл арналар 44 бет),-десе, халқымыз «дүние көздің құрты» деп, қалай дәл тауып айтқан. Аталарымыз мал-мүлікке қызығып бірін-бірі талап-жеп, аяқастынан билгінен айырлып, ел қолына қарап зарлап қалды. Алайда, әрбір адамға керекті ең қымбат дүниенің бірі – ол бас бостандығы, жанының, көңілінің сөзінің еркіндігі. Кісі өзін бұғаудамын, біреуге бағыныштымын деп сезінсе, оның өмірі күрсіну мен күңіренуде өтері хақ. Бұл жайында кешегі өткен зерделі жандар таусыла айтқан болатын. Сонау VІІ ғасырдағы «Күлтегін жазуында» да арғы тегіміздің еркіндікті аңсаған арман-мұраты әлі күнге дейін ұмытылмай келеді: Түркі халқы өкін. Бағынғаның үшін (өзіңді) Көтерген қағаныңа Қасиетімен, ісімен жақсы еліңе Кінәлісің, жаман шатыстың. Қарулылар қайдан келіп, Тағы сені құлдыратты?! Найзалылар қайдан келіп, Тағы сені ыдыратты?! О, қасиетті Өтүкен Қойнауының халқы, бостың . Біздің жұмыр жердін бетін еркін жайлаған түрік еліміз, жойқын әскері бар, күшті мемлекеті бола тұра неге жеңілді, неге құл болды, неге күң болды, мұны да сол «Күлтегін» жазуынан оқимыз: Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен. Әміршілері де біліксіз екен, Жалтақ болған екен. Бектерінің, халқының ымырасыздығынан, Табғаш халқының тепкісіне көнгендігінен, Інілі-ағаның дауласқандығынан, Бекті халқының жауласқандығынан Түркі халқы елдігін жойды, Қағандығынан айрылды. Табағаш халқына бек ұлдары құл болды, Пәк қыздары күң болды . Көне тарих, ескі шежіренің бәрінде «алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мақалдың мазмұнын дәріптейді. Күш те, байлық та, мықтылық та тек қана ынтымағы жарасқан елде болмақ. Осы себепті халқымыз «ілгері басқанның иті оттайды, кері кеткеннің келіні оттайды» деп өте дұрыс саралаған. Ал «Үй ішінен ұрыс шықса, кереге бас сайын бәле болады» деген де көпті көріп, көп дүниені басынан өткерген ел-жұртымыз екені анық. Біз осы орайда Қабан жырауға сөз берсек, ол: – Бақыт қайда барасың? – Туысымен татулы, Жаман сөз жоқ шатулы, Ынтымақты үйге барамын, – Бақыт қайда барасын? Тарауық намаз оқыған, Көңіліне аят тоқыған Ниетті елге барамын. Бақыт қайда барасын? Балбыраған бесікте, Қайыры бар есікте Балалы үйге барамын. Осы орайда «бірлік болмай, тірлік болмайды» деген Төле би сөзінің растығын құптаймыз. Елдің елдігі болуы үшін ауыз бірлік қай кезде де ауадай қажет. Бір кездері іргелі ел, айбынды мемлекет болған түркі халқы аяқ астынан ынтымағының жоқтығынан бүлініп, көп қиындық көрді, бас бостандығынан айрылды, бұл жөнінде тас жазуында: Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып, Түркі халқы қырылдың, Түркі халқы жойылдың. Түстікте Шұғат қойнауы түгіл, Түн жазығына қоныстансақ деуші ең, Түркі халқы жойылдың . Адам баласы кісілігін сақтап қалғысы келсе, арзан дүние-мүлікке қызықпасын, біреудің салтанатты сарайына, зәулім үйіне, алтын-күмісіне, түкке тұрмайтын бықсық байлығына бас ұрмауы керек?! Қаншама асыл қазына сонша қымбат көрінгенімен бес күндік өмірде көзді арбайтын алдамшы ойыншық. Адамды аз уақыт алдап-арбайтын маңызы жоқ, қызылды-жасылды қызық-думанға берілудің қандай орны бар?! Бірте-бірте заман да, адам да сан түрлі өзгеріске түсті, «Тәтті сөз, асыл дүниеге» ден қойып алданғанының арты қайғы-қасірет әкелетінін ата-бабамыз түсініп, жамандық атаулыға жалаң қылышпен жауап бере бастағаны тарихтан белгілі. Әккі жау амал-айласын бұл жолы да асырып, әшейін құл емес, мәңгүрттікті ойлап тапты. Ол қандай әңгіме, оның жолы қандай, біз ақын О. Асқарға жүгінеміз: Көрдік талай шапқыншылық, сан жұтты, Қаламды өртеп, халқымды жау қаңғыртты. Ерді тұтқын етсе де, құл ете алмай, Ақырында ойлап тапты мәңгүртті. Тұтқындарды таңдап иен далада, Шашын қырып, қаптап басқа шарана. Қол-аяғын тас қып байлап тастаған, Болғанша ары жан-тәнінен садаға. Шарананы шөлде аптап кептіріп, Басты шағып, жатса миды жеп бүріп. Жауыздардың өзі қашқан маңынан, Шыңғырғанын есту азап деп біліп . Адам баласын қуантудың сан түрлі жолдары болса, оны жаншып азаптаудың да қаншама амал-айласы жетерлік. Құдіретті Аллаһ жаратқан пендесін екінші бір өзі сияқты Құдайдың құлының мазақтауына, азаптауына, қорлауына жол жоқ. Қазір күллі әлемнің озық ойлы зиялылары адам правосын толық қорғаудың тетіктерін қарастырып жатыр. Көптеген елдерде өлім жазасын беру шарасы тежелуде. Енді жоғарыдағы мәңгүрт болған жанның ішкі жағдайы қандай екен, соған зер салсақ: Ол ұмытты, ана тілін, тарихын, Ес қалмады ел түгіл, жер танитын. Өз еркіңде қай жұмысқа саласың, Ол айырмас істің ақ пен қарасын. Екі етпейді қожасының айтқанын, Ат десе, атар ақ сүт берген анасын . Біз енді мәңгүрт жайлы тебіреніп жазған Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» атты кітабындағы мына әңгімеге көңіл аударайық: – отыршы, сөйлесейік, – деді ана ауыр күрсініп. Екеуі қарама-қарсы отырысты. – Мені танисың ба? – деді ана. Мәңгүрт басын шайқады – Сенің атың кім? – Мәңгүрт, – деді ол. – Сені қазір осылай атайды. Бұрынғы атың есіңде ме? Мәңгүрт тұнжырайды… – Әкеңнің атын білесің бе? Өзің кімсің, елі-жұртың кім? Жоқ, Мәңгүрт ештеме түсінбеді. -Жерді алса болмай ма, мал-мүлікті алса болмай ма… басты алса болмай ма?-деп зарланып отырды ана. Адамның ес-түсін алған сұмдықты кім ойлаған, кімнің дәті шыдаған?» -десе, бұл адам баласына адам баласының «көріп көз, айтып тіл жетпейтін» айуандық сұмдығы. Осы жағдайды О.Асқар да, Ә.Тәжібаев та нәзік жырласа, Ш.Айтматов жан баласын тебірентіп тереңнен толғайды. Ол ана мен баланы қатар отырғызып қойып, ананың тілінен ащы зар төксе, көзінен жас ағызған, бірақ мәңгүрт мелшиген қалпы үн-түнсіз. Дәл осындай ауыр жағдайда мәңгүрттің тірлігі қайуаннан да төмен болды ғой, мал екеш мал да өз анасын таниды. Өзінің туып-сөкен жерін айнытпай табады. Жоғарыдағы патшасынан, ынтымағынан, елдігінен айрылып етегі еңірегенде жасқа толған ауыр тағдырға мәңгүрттіктен кейін жай бір әшейін дүние сияқты қарауымызға тура келетін секілді. Бәрінен бұрын адамның есінен ауысуы, өзінің не істеп, не қойғанын білмеуінен өткен бақытсыздық, азап-сор болар ма?! Бұл турасында Ә.Тәжібаев бір Аллаға сыйынып егіліп-төгіліп денінің аман-саулығын сұрайды, ол: О, Тәңірі ән-жырымды көпсінбесең, Өзімді өз отыма күйдірме сен. Сен менің немді алсаң да, есімді алма, Айтайын айтарымды есім барда. Жұртыммен ақырғы рет тілдестірмей, Ақында алмай жүрген өшің бар ма?! Кісі қанша өмір сүрсе де оған аз. Ол бәрі бір ойға алған қыруар шаруасын тындырып кете алмайды. Адам ақырғы демінде шыға алмаған биігін, ала алмаған асқарын, ғұмыр бойы жете алмаған арманын кейінгі ұрпағына айтып кетуге тиіс. Амал не, кейбіреулердің ішкі түйсігін айтуға ақырғы демі қалғанда мұршасы келмеуі әбден мүмкін ғой. Жан тәсілім етейін деп жатқан жанның тілі байланып қалса, не болмақ? Жаратқан сондай қасіреттен адам баласын қорғасын. Ал ауырмай-сырқамай өз ой-тілегін жеткізе алмайтын мәңгүрттерге не айтарсың?! Ол байғұсты не онда жоқ, не мұнда жоқ етіп екі ортада қалдырып қор қылған залымға не дерсің?! Шынында адам өмірі шым-шытырық жұмбақ, ауыр да, азапты да, қиын. Бұл жағдайда адамдардың өзі бір-біріне деген көре алмастық, күңшілдікпен істейді. Адамзат қоғамы мұндай сұмдықтан ешқашан ада болған емес, болатында түрі жоқ. Біз тәуелсіздік алған кезеңнен бастап өткен тарихымызға дендеп кіріп, ғалымдарымыз зерттеп, жазушыларымыз жазып, ақындарымыз да жырлай бастады, бұл тұрғыдан алғанда бұрын аты айтылса, заты айтылмайтын, тереңдеп зерттелмеген қаншама тұлғалар жарыққа шығып жатыр. Солардың біразын О.Асқар да өз жырына қосқан: Күлтегін, Тоныкөк – тегіміз, Ежелгі түрік еліміз. Алтайдан Алпыға дейін Созылған байтақ жеріміз , – деп атақты батыр Күлтегінді мадақтаса, бұл батыр кім, өз заманында қандай қызмет атқарған деген ой туады, аты әлемге әйгілі қолбасшы жайлы «Елтұтқа» атты кітапта: «Құтылығұлы Күлтегін (684-731) – Екінші шығыс түркі қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «Көк түркінің көк семсері» атанған батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен. Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түркі еліне тұс-тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі» . Күлтегін жайлы көп жазылды, көп айтылды, түркітанушылардың бұл батыр жайлы қалам тербемегені жоқ десе де болар?! Солардың бәрі де оның ғажайып қыралығын, асқан батырлығын тамсана сөз етті. Әсіресе өз елі, өз жері үшін Күлтегіннің арыстанша алысқаны әдемі жырланған: Қырық жеті рет аттанды. Жиырма айқас жасады. Тәңірі жарылқағандықтан Елдігін елсіретті, Қағандығын қағансыратты. Жауын бейбіт етті, Тізеліні бүктірді, Бастыны еңкейтті . Өз елін бар жанын салып қорғаған батыр өте ерте есейген секілді, мүмкін жастайынан жетім қалғандығынан ба, кім білсін, бұғанасы қатпай жатып тұлпар мініп, ту ұстапты. Тағы да кешегі тарихи уақиғаға жүгінсек: «Түркі жұртының төрт жағы түгел болуы үшін қырық жеті жылдық қып-қысқа ғұмырында он жастан бастап ат үстінен түспей, аласапыран айқастарда айбалтадай жарқылдап өткен айбарлы қолбасшының әкесі Елтеріс қаған атанған Құтылық еді. Оған дейін тужандар (тибеттер) қол астында бытырап жүрген түркі тайпаларын Бумын, Естеми деген кісілер басқарып, бірлігі мықты ел қылған екен» -десе, осы тарихи мәселені де О.Асқардың жырларынан оқимыз, ол: Естеми, Бумын,- ер түрік, Сөз сөйле содан келтіріп. Білге қаған, Елтеріс Жеңіске жеткен жең түріп. Осы жоғарыдағы аталған аталарымыз ел үшін аянбай еңбек етіпті, жан-жақта бытырап жүрген бауырларын ауызбірлікке шақырып, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруды» үндепті. Ақыры мақсат-мұраттарына жетіп, мықты жұрт жасапты. Бұлардың ғажайып ісін, Күлтегіннің бұдан басқа да ерлік істері жайында мол мәліметтер берілген: «…Күлтегін өте ер болған. Қарлұқтармен арада болған соғыста (711-715) даңқы жайылған жас батыр бұрыннан келе жатқан ата дәстүрін бұзбай «Білге хан» деген ат беріп, таққа өзінің ағасын отырғызады. Ал Білге хан болса, інісі Күлтегінді әскербасы етіп сайлайды. Басқаша айтқанда, бұл шын мәніндегі Қағанат иесі деген сөз еді» , – делінсе, бұл – тарихи болған уақиға. Адамзат баласы қаншама ғұмыр кешсе, соншама уақыт тірлікпен тырмысып, алқынып-талпынып өмір сүріп келеді, бірде жығылып, бірде тұрып, арпалыс үстінде. Ол ұзақ ғұмырында заманның азғанын, заңның тозғанын айтып жырлап та, ән мен күй арқылы төгілтіп тербеп те келеді. Сонау ХІ ғасырда ғұмыр кешкен М.Қашқари − өзінің «Түрік сөздігі» атты кітабында ел жайлы, жер жайлы, Отан туарлы жан-жақты қалам тербеген ойшыл. Біз ғұлама жанның сөзіне көз жіберсек, ол: Заман әбден тозды, азды, Осал, жауыз қозғалды. Өнер біткен сиреді, Дүние бегі жоғалып, – деп толғаса, бізге бұл жыр көп ой салады. 

Толығырақ: http://turkiya.kz/?p=222

Ұқсас сұрақтар

...