+2 дауыс
46.7k көрілді
Көне түркі және қазақ жазуы деген тақырыпта қысқарған сөздерді қатыстыра отырып эссе жазу?

Көне түркі және қазақ жазуы: Тарихи байланыс және заманауи қолданыс

Қазақ тілінің жазба мәдениеті тамырын терең тарихтан алады. Көне түркі жазуы, Орхон-Енисей жазбалары арқылы бізге жеткен, қазақ тілінің қалыптасуына тікелей әсер еткен ежелгі жазу жүйесі. Бұл жазу жүйесінің қазақ тілінің қазіргі жазуына әсері айқын көрінеді.

Көне түркі жазуы (КТЖ) - түркі тілдес халықтардың ортақ мәдени мұрасының бір бөлігі. Бұл жазу жүйесінің қолданылу аясы кең болды, ол саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды жүргізуге мүмкіндік берді. КТЖ арқылы жазылған ескерткіштер бізге көне түркілердің тарихы, мәдениеті және тілі туралы құнды мәліметтер береді.

Қазақ жазуы - қазақ тілінің қазіргі жазба жүйесі. Қазақ жазуының негізі араб әліпбиіне сүйенеді, бірақ ол қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне бейімделіп, өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Қазақ жазуының тарихында бірнеше реформалар жүргізілді, олардың мақсаты жазуды жеңілдету және оны заман талабына сай ету болды.

Қазіргі таңда қазақ жазуы латын әліпбиіне көшу үдерісінде. Бұл реформа қазақ тілінің жаһандану үдерісіне бейімделуіне және оның халықаралық аренадағы рөлін арттыруға бағытталған.

Қысқарған сөздер:

КТЖ - Көне түркі жазуы

ҚР - Қазақстан Республикасы

Тіл б. - Тіл білімі

ҒТ - Ғылым мен техника

Әдеб. - Әдебиет

Қорытындылай келе, көне түркі және қазақ жазуы қазақ тілінің жазба мәдениетінің ажырамас бөліктері. Бұл жазу жүйелері қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын сақтауға және дамытуға қызмет етеді. Қазақ жазуының болашағы жарқын, ол заман талабына сай өзгеріп, дамып келеді.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Көне түркі жазуы, көне түркі әліпбиі, түркі руникалық әліпбиі – Орталық Азия жерін бағзы заманнан мекендеген түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы. Көне түркі Орхон-Енисей әліпбиінде 35 әріп бар, әрбір әріптің түрлі график. нұсқалары қолданылады. Бұдан тыс 4 арнайы жазу таңбасы кейбір дауыссыздардың тіркесін беру үшін пайдаланылады (лт, нт, нч, рт). Жазудың бағыты – оңнан солға қарай.Ертіс бойынан табылған сүйек тұмардағы (қ. Ертіс жазба ескерткіші), екіншісі – Іле бойынан табылған күміс тостағаншадағы ойма жазу (қ. Есік жазба ескерткіші). Көне түркі әліпбиі Оңт. Сібір мен Жетісу жерінде ерте дәуірде, яғни, б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде қалыптасқандығын археол. жаңа деректер мен палеогр. талдаудың нәтижелері дәлелдейді.
+2 дауыс

Көне түркі жазуы, көне түркі әліпбиі, түркі руникалық әліпбиі – Орталық Азия жерін бағзы заманнан мекендеген түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы. Көне түркі Орхон-Енисей әліпбиінде 35 әріп бар, әрбір әріптің түрлі график. нұсқалары қолданылады. Бұдан тыс 4 арнайы жазу таңбасы кейбір дауыссыздардың тіркесін беру үшін пайдаланылады (лт, нт, нч, рт). Жазудың бағыты – оңнан солға қарай. Бұл әліпби қалыптасқан график. жүйе болып табылады және негізінен көне түркі тілінің фонет. жүйесімен үйлеседі. 8 дауысты фонема (а мен ә, ы мен і, о мен у, ө мен ү) төрт қана полифонды әріппен, 16 дауыссыз фонема (фонема нұсқалар) 31 әріппен белгіленеді, 11 дауыссыз фонема (б, ғ-г, д, й, қ-к, л, н, р, с, т, ш) жуан-жіңішке нұсқалары таңбалармен ажыратылады. Кейде олар жіңішке әрі жуан әріптің орнына қолданылады. Бұдан тыс 5 дауыссыз фонема (з, м, н, п, ч) дара таңбамен ғана белгіленеді. К. т. ж-ның шығу тегі әлі шешіле қойған жоқ. 1893 ж. осы жазудың кілтін тапқан Дания ғалымы В.Томсен (1842 – 1927) көне түркі әліпбиі арамей (парсы-арамей және арамей-соғды) жазуының әсерімен шықты деген жорамал ұсынды. Түркітанушылардың дені бұл пікірді қолдады. Томсен мен орыс ғалымы Е.П. Поливанов (1891 – 1938) арамей әліпбиіне жанасымы жоқ бірсыпыра руникалық таңбалар идеограммалардың (логограммалардың) негізінде пайда болды деген болжам жасады. Ал орыс шығыстанушысы Н.А. Аристов түркі руналарын ешбір бөгде әліпбидің ықпалынсыз, түркі руна таңбалары негізігде туған төл жазу деп санайды. К. т. ж. жөнінде басқа да пікірлер бар, бірақ олардың ешқайсысы жазба таңбалардың нақты ұқсастығын аша алмайды. Археол. зерттеу барысында жаңадан табылған этногр. ескерткіштер ертедегі түркі тілдес халықтардың ең көне жазба түрлерін пайдаланғанын дәлелдеді. Б. з. д. 5 – 4 ғ-лардағы қорымдардан табылған руникалық немесе руна тәріздес екі ойма жазу Оңт. Сібір мен Қазақстанның ежелгі көшпелі тайпаларында өзіндік әліпби болғандығын айғақтайды. Мұның бірі – Ертіс бойынан табылған сүйек тұмардағы (қ. Ертіс жазба ескерткіші), екіншісі – Іле бойынан табылған күміс тостағаншадағы ойма жазу (қ. Есік жазба ескерткіші). Көне түркі әліпбиі Оңт. Сібір мен Жетісу жерінде ерте дәуірде, яғни, б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде қалыптасқандығын археол. жаңа деректер мен палеогр. талдаудың нәтижелері дәлелдейді. Бұл көне әліпби Жерорта т. маңындағы алғашқы әліпбилермен генетик. жағынан тікелей байланысты. Демек, ол көне грек әліпбиінің жергілікті түрлерімен, финикия әліпбиінің және оның жалғасы – ертедегі арамей әліпбиімен, сондай-ақ Арабиядағы көне әліпбилермен етене жақын. Көне түркі руна таңбаларының шығу тегі басқа көне әліпбилердің шығу тарихымен тамырлас. Көне түркі әліпбиінің әуел бастағы түпкі негізі б.з.д. 3 – 2-мыңжылдықтағы беймәлім лотогр. немесе әліпбилік жазу болуы ықтимал, ал басқа көне әліпбилермен ішінара ұқсастықтар олардың арғы тегіндегі бастауы бір екендігін көрсетеді. К. т. ж-ның шығу тарихы жалпы әліпбилік жазудың шығу тегімен ұштасады.

0 дауыс
Коне туркы жане казак жазуы барымызге белгылы жазулар.Коне туркы жазуы таска кашап жазылынган.Оны руна жазуы деп атаймыз.Ал казак жазуы-казак халкынын мадени омырынде баска да туркы халыктарымен пайдаланылып келген артурлы арып танбаларынан туратын дыбыстык жазу жуйесы(кырыспе болымыне)

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
...