+1 дауыс
328 көрілді
Мен 2018 жылы ажырасқанмын. Ұлым бар, ұлымды қолыма алғым келеді, 1 жыл анасында болған дұрыс қарамады әр аптада алғанда ұлымның үсті кір, киімдері жуылмаған тырнақтары өсіп кеткен сондай болатын еді 1 жыл менім қолымда болды бау бақшаға барып жүрді плюс алимент төлеп жүрдім әйеліме, енді жұмыс барысымен 1-2жыл қалада болмаймын ұлым менде қалады деп ж/е алимент төлемеймін деп келіскен едік өз арамызда әжесі мен атасы қарайды деп, енді айнып қалды алимент үшін баланы аламын деп жатыр кәзір, енді басты сұрағым сол 1_2 жылдан кейін ұлымды қолыма ала аламын ба? Соттассам мүмкіндігім қаншалықты?  Қағаздар бар баламды 9айында тастап кеткен 2 күнге орган опекадан, запись звонков бала керек емес дегені ж/е сүреттер қолының тырнағы алынбаған үсті кір екенін баланың 3 жастағы видеосы шешесіне бармаймын деген, жалпы баланы ойламайды тек сөзбен для публики ойнағанды жақсы көреді

2 жауап

0 дауыс

49-бап. Әкелікті сот тәртібімен белгілеу

      Бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-аналардан бала туған жағдайда және ата-ананың бірлескен арызы немесе бала әкесінің арызы болмаған кезде (осы Кодекстің 48-бабының 6-тармағы) баланың нақты адамнан туу тегі (әкелікті) ата-аналарының біреуінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының) арызы бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы бойынша, сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейінгі өз арызы бойынша сот тәртібімен белгіленеді. Бұл ретте сот баланың нақты адамнан туу тегін анық растайтын айғақтарды ескереді.

      Туу туралы актінің жазбасынан бала әкесі туралы бала анасының күйеуі немесе бұрынғы күйеуі баланың әкесі болып көрсетілген мәліметтерді алып тастауды азаматтық хал актілерін жазу органының тууды тіркеу туралы актілік жазбадағы баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастаудан бас тартқаны туралы жазбаша бас тартуының негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы жүргізеді.

Толық мәліметті заңгерден біле аласыз.

0 дауыс

61-бап. Баланың ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласу құқығы

      1. Баланың ата-анасының екеуiмен де, аталарымен, әжелерiмен, аға-iнiлерiмен, апа-сiңлiлерiмен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар. Ата-аналары некесiнiң (ерлі-зайыптылығының) бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-аналарының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиiс.

      Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен араласуға құқығы бар. Сондай-ақ, ата-аналары әртүрлi мемлекеттерде тұрған жағдайда, баланың олармен араласуға құқығы бар.

      2. Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған баланың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар.

62-бап. Баланың өз пікірін білдіру құқығы

      Бала отбасында өз мүдделерiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкiмшiлiк iсін қарау барысында тыңдалуға құқылы. Бұл өз мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған баланың пiкiрi міндетті түрде ескерiлуге тиіс. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар немесе сот он жасқа толған баланың және заңды өкілдердің қатысуымен өзі берген келiсiмiмен ғана шешiм қабылдай алады.

      Баланың пікірі ата-аналарының немесе баланың тұратын жері бойынша басқа да заңды өкілдердің қатысуымен қабылданған, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен ресімделеді.

Осы Неке және отбасы туралы кодексіне сәйкес баланың пәкірі міндетті түрде ескерілуі қажет.

...