Қазақстандаы 1916 жылғы көтеліліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады . Көтеріліс дүние жүзілік империялистік соғыстың қызып тұрған кезінде Ресейдегі жұмысшы және шаруа қозғалысының иықтап өрлеу жағдайында өтті . Бұл азаттық қозғалыс ең алдымен империялистік соғысқа және өз жерлерінің тартып алуына қарсы бағытталып , империализмнің жалпы Ресейлік системасына мықтап соққы болып тиді .Көтерілістің біріңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да , Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап , өзара байланысты болып отырды . Алайда , көтеріліс стихиялы түрде дамып тұрақты , жеткілікті басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді . 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана сезімін арттыруда зор рөл атқарды . Көтеріліс патшаның малайлары тетінде феодалдық рулық жоғары топтың шын сиқын қазақ шаруаларына айқын көрсетіп . ауылдағы тап күресін жаңа сатыға көтерді .
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары , сондай – ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілері еді . Оған қазақ халқының өзге топтарының, сонымен бірге демократиялық интелегенцияның өкілдері де қатысты . Жалпы алғанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дүнгендер және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан ұлттық сипатқа ие болды.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы Ресей империализімі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты . Ол империядағы саяси және әлеуметтік дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды, әскери феодалдық және әскери отаршылдық басқару жуйесінің іргесін шайқатты . (1)
Орыс шаруаларының демократияшыл бөлігі көтерілісшілерге жанашырлықпен қарады. « Казанск – Богородское селосында, – деп хабарлады. Верный полицейскилері әскери губернатор М. А. Фольбаунға, – шаруалар Иван Долматовпен Дермидон қырғыздар тобырын олардан шақыратын братаналардың тізімін жасауға жол бермеуге шақырды ». Бурген (Жетісу селосында Демко деген кедей ағайынды үш Қанаевтар мен Айдосовтар үйіне жасырған. Павель Аркедев жазалаушылардан Д. Жайнақовты жасырып қалған.
Басқа орыс кедейлері де көтеріліске қатысушыларды жасырған. Ал Торғайда Никита Кротов көтерілісшілерді соғыс ісі шеберлігіне үиретіп, оның өзі жазалаушыларға қарсы шайқастардың бірінде қаза тапты. Көтерілістің Қарқара ошағын көрнекті ұйымдастырушылардың бірі Е. Е Курев болды. Кәсіпкерді қызы Софья Алексеевна Вербицкая көтерілісшілер жағында шайқасты.
Ұлт – азаттық қозғалыстың басып жаныштау барысында патша үкіметі өртке оранған жер стратегиясын жүзеге асырды, Түркістан өлкесі гинерал – губернаторының айтуы бойынша, ол Қазақстан мен Қығызыстанның отарлауға мейлінше қолайлы аудандары « тазалау » болатын.
Қозғалыстың жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, аймақ ауқымында ұйымшылдықты болмауы еді. Патша өкіметі қалыптасқан жағдайда бағалап, халық қозғалысына қарсы шұғұл шаралар қолданды. Оның үстіне күште соның жағында болды. Ол қоныстандыру протцесі жеделдете жүргізіліп жатқан аймақтарда Орыс, Украйн шаруалары, казактар және қазақ, қырғыз шаруалары, дүнген, ұйғыр, өзбек диқандары арасындағы қайшылықтарды пайдалана білді. Саны аз жергілікті пролитариат оқиғалардың барысына әлі де азды – көпті елеулі ықпал жасай алмады. Көтерілістің бір тұтас басшылығы, ұйымдық орталығы болмада. Паша әкімшілігі Қазақтардың ру аралық тартыстарын шебер пайдалана білді.
Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Біреулері әскери қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметімен келіссөз жүргізді. Даланың бетке ұстарлары ( батырлар, хандар, қазылар ) көптеген реттерде қозғаыс басына келгеннен кейін дәиектілік, батылдық көрсетпеді. Бір қатар жағдайларда кейбір бай – фиодалдар , хандар көтерілісшілердің мүдделерін сатып кетіп отырды. Патша өкіметі қозғалысты тез арада басшыларынан айыра білді. Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Бекболат Әшекев Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылды. Қарқарадағы көтерілістің ең басында көтерібісшілер қозғалысы жетекшілерінің бірі Жәменке Мәмбетов түрмеге қамалды, басқа 12 басшы азаптап өлтірілді.
Қозғалыс қазақ халқының револютциялық таптық сана сезімінің өскенін көрсетті, мыңдаған көтерілісшілер патша самодержавиясын қарсы қарулы күрес мектебінен өтті. Ол Қазақстан халықтарының ұлттық сана сесімінің өсуіне үлкен әсер етті. Отаршылдық езгінің ұзақ жылдары ішінде олар ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды, белсенді саяси қызметке құлшынып, өзін Ресей самодержавиясының ұлттық экспанциясына қарулы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді. Осының нәтижесінде патша үкіметінің моральдік – саяси беделі құлдырады. Торғай даласынан тыл жұмысына 60 мың адам жіберілуі керек еді, ал 1916 жылдың 20 желтоқсанындағы мәлімет бойынша Ақтөбе және Қостанай уездерінің 5 мыңнан ғана адам алынса, Торғай мен Ырғыз уездерінен 89 ғана адам алынғанын айтсақ та болады. ( 1 )
Халық қозғалысы барысында үкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару апараты құрылып, ұлт – азаттық револютцияға ұласты. Ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы және зардаптары жағынан алғанда ол империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңі ішіндегі азаттық күресінің шырқау шыңы болды. 1916 жылғы көтеріліс тарихында Қазақ кеңістік әдебиетінің классиктері Ж. Аимауытов ( Қартқожа ), Мұқтар Әуезов ( Қилы заман ), С . Сейфулин ( Таржол , тайғақ кешу ) Сәбит Мұқанов ( Ботагөз ) өз шығармаларында мейлінше толық ашып көрсетті.
1916 жылғы көтеріліс Қазақ халқының сан ғасырлық ұлт – азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүние жүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрттаныған басшылары Ә . Жандосынов, А. Иманов, Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, Б. Әшекеев, О. Шолақов , А. Жүнісов, Қ. Көкенбаев, И. Құрманов, Т. Орысов, А. Сұлтанбеков және басқалар көтерілісшілердің саяси көсемдері Т. Бокин, Т. Рұсқылов, С. Меңдешев, Ә. Жаңгелдин, Б. Алманав және басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Таиманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмақанбетов, Кенесары және Наурызбаи Қасымовтар, Байзақ Мәмбетов және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді.
Кенесары Қасымов басшылық еткен ұлт – азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең байтақ өлкенің барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бір қатар аудандарында оған қазақтармен қатар қырғыз, өзбек., ұйғыр және басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды.
Кейбір шекаралас аудандарда көтеріліске шыққан Қазақтар мен Қырғыздар патша жазалаушыларына қарсыласудың бірлескен аймақтарын ұйымдастырды.
Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік – экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери – феодалдық және әскери – отаршылдық басқару жүиесінің іргесін шайқалтты және шығыстың отар халықтарының импералистік езгіге қарсы ХІХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт – азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі, буындарының бірі болды.
https://baribar.kz/student/26033/1916-zhylghy-ult-azattyq-koeterilistinh-natizhesi-men-tarikhi-manhyzy/