0 дауыс
7.8k көрілді
Мен болницаға тісімді емдету үшін 2 рет бардым бірінші рет пломбы уақытша қойғанда ауырмады екінші рет барғанда тісімді тазалап қайтадан пломбы салып берді уақытша енді тісім қатты ауырып жатыр. Не істесем болады?

1 жауап

0 дауыс

Тісіңіздің шіру дәрежесі өте жоғары болып, нервсын алуға тура келген болар. 3 ші суреттегідей қатты шіріген болса , нервсын алғанда, ол кәдімгі ашық жара секілді пломбаның астында қалады. Ол жара жазылып болмайынша солай ауырсынады.

Өз басымнан өткені 2 аптадай тамақ шайнағанда ауырып жүрді. 1 аптадай ауыра берген соң , дәрігерімнен кеңескенмін. Дәрігерім  тісіңізге тұзды ванна (тұзды жылы сумен тісіңізге апарып 1 минуттай ұстап тұрасыз) жасаңыз деп кеңес берді. 3-4 күн жасаңыз деді, бірақ мен 2 күн жасаған соң ақ қойып кетті ауырсынуы.

Сонымен, барлығы 2 аптадай уақытта ауырсынуы қойып кеткен.

...