Тісіңіздің шіру дәрежесі өте жоғары болып, нервсын алуға тура келген болар. 3 ші суреттегідей қатты шіріген болса , нервсын алғанда, ол кәдімгі ашық жара секілді пломбаның астында қалады. Ол жара жазылып болмайынша солай ауырсынады.
Өз басымнан өткені 2 аптадай тамақ шайнағанда ауырып жүрді. 1 аптадай ауыра берген соң , дәрігерімнен кеңескенмін. Дәрігерім тісіңізге тұзды ванна (тұзды жылы сумен тісіңізге апарып 1 минуттай ұстап тұрасыз) жасаңыз деп кеңес берді. 3-4 күн жасаңыз деді, бірақ мен 2 күн жасаған соң ақ қойып кетті ауырсынуы.
Сонымен, барлығы 2 аптадай уақытта ауырсынуы қойып кеткен.
