0 дауыс
411 көрілді
Салеметсиздер ме! Казакша арип жок, кеширим сураймын. Тусимде бурын бирге жумыс истеген, жакында кайтыс болган апай жаныма келип, маган карап тур екен. Мен жанымда турган ариптесиме, сиз де корип турсыз ба деп сурадым, ондагы ойым баримиз корип турсак демек олмегени, тири екен, мен жалган, каргыс естигенмин деген ой. Ариптесим корип турмын дегендей басын изеди. Ымырт мезгил екен, кайтыс болган апай узын, кызыл койлек киип алган, они нашар, бети жердин тусиндей, конил-куйи жок коринди. Ыммен аргы жакта турган беседканы корсетти, сол жакка бирге барып отыра бергенимде берги беседкада отырган еки жигит апайды корип кашып кетти. Апай мени жибергиси жок, касымда отыра берсин дегендей. Мен де бирден ол кисинин кайтыс болып кеткенин билип койып, сол еки жигиттин артынан кашып кеттим. Тун болып калган. Олар бул киси кайтыс болган, бирак тунде осы беседкада отырады да кояды, барар жери жок деп айтып жатыр екен. Тусимди жорамалдап берулеринизди сураймын.

1 жауап

0 дауыс

Қайтыс болған адамды түсінде көрсе құран оқып, иіс шығарған дұрыс.

Өлі адамдарды түсінде көру – күтпеген жаңалыққа, туысқандарыңызды көру – қуанышқа, достарыңызды көру – маңызды жаңалықтарға.

Қайтыс болған адамның тыныш жатып-ұйықтауы – ана өмірде бейберекет өмір сүріп жатқанының белгісі. Сол адамның артынан еріп, дауысын есту – жаман белгі, өлімнің жаршысы. Егер, бір емес, бірнеше өлген адамды көрсеңіз, өмір туралы көз-қарастарыңыздың қате болуы мүмкін екенін білдіреді.

Нострадамус түс жоруы. Өлген адам туралы

Егер, қайтыс болған адамды көріп, одан қашып кетпесеңіз, өмірдегі қорқыныштарыңызды қолда ұстап, онымен күресуді үйренгенсіз. Өлі адамды көру, дауысын есту, артынан еру – ауруға. Өлі жан сізбен уайымдарымен бөліссе, шіркеу мен мешітке асығыңыз. Ал қайтыс болған адамды жалаңаш қалпында көрсеңіз, керісінше, бұл – жақсы белгі. Яғни, ол адамның жаны тыныштық тапты.

Символдық түс жору. Өлі жанды көру нені білдіреді? Егер, ол сізді артынан шақырса немесе өзінің затын сыйласа, – жақын арада күтпеген жерден ауыр дертке шалдығасыз. Бұл түстің басқа да баламасы бар. Түс көруші адам қайтыс болған жанды қия алмай, онымен кездесуге үміттеніп жүр. Бұндай түстерден кейін шіркеу мен мешітке барып, дұға оқып, имаммен кездесу керек.

...