Мектеп | 496 қаралды
Неліктен эпидермис күрделі ұлпа деп аталады?

2 жауап

Эпидерма (эпидермис, өң) — өсімдіктің барлық жас мүшелерінің сыртын қаптап, көбінесе бір қабат жасушалардан (өте сирек жағдайда екі немесе көп қабатты болады) құралатын жасушалар жиынтығы, тұқым ұрығы жетіле бастағанда-ақ түзуші ұлпадан дамиды.

Жасуша пішіндері әр түрлі, мөлдір, бір-бірімен өте тығыз жанасқан, ал қабықшалары түзу, тегіс, ирек-ирек (қысымды бірқалыпты сақтап, беріктік қасиет береді) болады. Цитоплазмасы қабықшаны астарлай созылып жатады. Ядросының айналасында лейкопластар, жасушасының дәл ортасында үнемі вакуольі болғандықтан эпидермис түссіз, мөлдір болып көрінеді. Кейбір су өсімдіктері мен папротниктердің өңінде майда хлорофилл дәндері болғандықтан жасыл, ал қызыл қауданды орамжапырақтың өңі жасуша шырынында болатын пигментке байланысты күлгін түсті болады. Өң жасушаларының қабықшасы сыртқа қараған жағы қалың және саңылаулары болмайтындықтан шаңдақ зат (кутикула) жауып тұрады. Ол ылғалы тапшы жерде өсетін өсімдіктердің суға батып тұратын бөлімінде шандақ зат қабықшасы жұқа, әрі саңылаулары болатындықтан басқа жасушалармен байланысып зат алмасуға қатысады. Эпидермисте пішіні мен құрылысы әр түрлі көптеген өсінділер, яғни түктер дамиды. Түктер бір және көп жасушалы, жай, күрделі, өлі және тірі болады.

өиткені сен қотақбассын сол үшін күрделі

124,272 сұрақ
314,698 жауап
153,252 пікір
70,483 қолданушы