+4 дауыс
2.4k көрілді
Бәзбіреулер алғашқы махаббатым, қазіргі махаббатым деп жатады ғой... Шынайы махаббаттың өмірде бір-ақ рет болатынына сенесізбе? Не себепті?

12 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің ойымша, адам өмірде бір-ақ рет бар тәнімен, шын жүрегімен ғашық болады. Шынайы, мөлдір махаббаттың өмірде бір-ақ рет кездесетініне толық сенемін! Адамдар ұнатуды ғашықтықпен шатастырып алатын секілді... Сондықтан да алғашқы махаббат, қазіргі махаббат деп жатады.
+4 дауыс
Әрине!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
+7 дауыс
сезім өткінші дейдіго, бірақ алғашқы махаббат жүректе қалары анық...
+10 дауыс
Ғашықтық деген ол құмарлық сезімінің адамдарға нәсіп етілген құралы.Сен қанша адамға көз салып,ұнатсаң құмарту деген сол,демек сонша рет ғашық болып жатырсың деген сөз.Ал махаббат- ол сенің жүрегіңнің түбінде арнаулы бір адамға деген іңкәрлік,жылылық,қимастық,құрмет сезімі.Ол сол адамға ғана арналады да,сол қалпында сенің өмір атты файлыңда сақталады.Мысалы ананың балаға,баланың анаға деген махаббаты.Ана баласына,болмаса бала анасына ғашықпын демейді,бірақ араларында бір- бірін қимастықпен сағындырар махаббат деген құдірет бар.Сол сияқты өмірде де адамға бір жан жолығып махаббаттың дәмін татқан адамдар бар,олар қосыла алмаса да,бірін бірі көре алмаса да,екеуі екі адамға жар болып кетсе де,балалы шағалы болса да жүректерінің түбіндегі әлгі файылды ұрлана ашып қарап,сағыныш мауқын басып,қимастық сезім жүрегін жанышса да соның бақытын тілеп жүреді.Міне бұл мәңгілік махаббат.Бірақ бұл барлық адамдарға міндетті емес,барлық жанның қолынан келе бермейді де.Махаббаттың құдіреттілігі де осында.
эээххх Жако мырза дұрыс айтасыз. ".Сол сияқты өмірде де адамға бір жан жолығып махаббаттың дәмін татқан адамдар бар,олар қосыла алмаса да,бірін бірі көре алмаса да,екеуі екі адамға жар болып кетсе де,балалы шағалы болса да жүректерінің түбіндегі әлгі файылды ұрлана ашып қарап,сағыныш мауқын басып,қимастық сезім жүрегін жанышса да соның бақытын тілеп жүреді.Міне бұл мәңгілік махаббат"
осы сөзіңіздің жаны бар ғой. Оқып отырыпта жылап жібердім ғой ((((( Әттеееең өмірдің өзі осысымен қиын болады ғой
+7 дауыс
Демек мен әлі алғашқы махаббатымды кездестірмеген екем. Махаббат пен құштарлықты шатастырып алыппын.(facepalm)
+2 дауыс
Мен өмірде шын махаббат тек бір-ақ рет болатынына сенемін,себебі алғашқы махаббат мәңгі есіңде қалады
+2 дауыс
алғашқы махаббат та шын махаббат та тек бір рет ғана болады  ғой. Сол екуінің арасында неше түрлі невадно махаббаттар кездесіп жатады))) олардың қызығы да шыжығы да толы..... Алғашқы махаббатымды әлде қашан кездестірдім, тек шынайы махаббатқа жолыққаным жоқ екен әлі...
–2 дауыс
Сен сенбеймін,шын махаббат болмайды.
–2 дауыс
мен сенбеймін,шын махаббатқа,қарама қайшылық деген бар.
0 дауыс
Бұл өмірге бір-ақ рет келеміз, бір-ақ рет кетеміз, жүрек те біреу, сол жалғыз жүректің иесі де бір жан болу керек емес пе? Шынайы сезім, махаббат адам өмірінде тек бір рет қана болады, мен бұған кәміл сенемін.
men kanwa adamdy unattym,  jaksy kordim, birak ali de mahabbattyn, algawky gawyktyk sezimnin damin tatpappyn, sol uwin bul surakka jauap beru men uwin kiynga sogyp tur, okiniwke orai
0 дауыс
*Махаббат жалғыз да, ал оның жалған түрі мыңдап саналады.* Ф. Ларошфуко
0 дауыс
я, әрбір адамның өмірінде шынайы махаббат бір-ақ рет болады, мысалы балалық шақта немесе үлкейген шақтағы
...