0 дауыс
3.9k көрілді
Ақтөбе қаласында медицина бойынша жақсы білім алу мүмкіндігі бар ма? Рентгенолог КТ М МРТ болсам қанша жыл оқимын, кардиолог болсамше?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

5 жыл жалпы медицина мамандығын оқисыз.1-5 курс оқып бакалавр дәрежесін алған маман боласыз,бірақ ол дәрігер болуға жетпейді, ол деңгеймен мейірбейкелермен қатар дәрежеде қызмет ете аласыз. ары қара дәрежеңізді өсіру үшін интернатура оқисыз, осы кезде сіз Рентгенолог КТ М МРТ   немесе кардиолог болуды шешесіз. Оқу мерзімі екі жағдайда да 2 жыл. Оқу мерзімі соңында кәсіпке бейімделген врач интерн боласыз(Рентгенолог немесе кардиолог кәсіптенуін таңдауыңызға орай)

3-деңгей резидентура оқисыз. Бұл деңгейдің оқу мерзімі оқылатын кәсіптілігіне байланысты 2-3 жыл. Рентгенолог КТ М МРТ    мамандығында да кардиолог мамандығында да резидентура 2 жыл мерзім оқисыз.

0 дауыс

Ақтөбе қаласында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті бар екен.  

2020-2021 ож мамандықтар тізімі

Жоғары кәсіптік білім

Жалпы медицина

Оқу мерзімі – 5+1 жыл

Біліктілігі – дәрігер

Стоматология

Оқу мерзімі – 5+1 жыл

Біліктілігі – жалпы практика стоматолог дәрігері

Қоғамдық денсаулық сақтау

Оқу мерзімі – 4 жыл

Біліктілігі – қоғамдық денсаулық сақтау маманы

Мейірбике ісі

Оқу мерзімі – 4 жыл

Біліктілігі –медициналық мейірбике

Фармация

Оқу мерзімі – 5 жыл

Біліктілігі – фармацевт маманы

Резидентура мамандықтары

  • Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы
  • Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы
  • Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы
  • Невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы
  • Анестезиология, соның ішінде балалар анестезологиясы
  • Онкология
  • Педиатрия
  • Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы
  • Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар акушериясы және гинекологиясы
  • Кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы
  • Нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы
  • Жақ - бет хирургиясы, соның ішінде балалар жақ - бет хирургиясы
  • Балалар хирургиясы
  • Урология және андрология, соның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы
  • Клиникалық фармакология

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім

Мaгистратура

  • Медицина
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Мейірбике ісі
  • Медициналық-профилактикалық іс

PhD докторантура

  • Медицина
  • Қоғамдық денсаулық сақтау 
...