«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР қолданыстағы заңына өзгертулер енгізілді. 2013 жылғы наурыздан бастап азаматтарға әскери билетті бір ай ішінде алу мүмкіндігі ұсынылды. Бұдан былай Қазақстанда әскери қызметтен ақылы өту енгізіледі. Аталмыш жаңалықтың мақсаты белгілі бір себептерге байланысты бұрын осыны жасай алмағандарға мүмкіндік ұсыну болып табылады. Азаматтар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 15 филиалында әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқудан белгілі бір төлем үшін ақылы негізде өте алады. Ақылы әскери қызметтен қалай өту керектігі туралы аталмыш мақалада айтатын боламыз
Ақылы әскери қызметтен кім өте алады?
Ақылы негіздегі әскери қызметтен 24 ден 27 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметке жарамды немесе жарамдылығы шектеулі, соның ішінде әскери қызметке шақыру мерзімі кейінге қалдырылған азаматтар өте алады.
Мерзімін кейінге қалдыру:
- отбасы жағдайлары бойынша;
- білімін жалғастыру жағдайында;
- денсаулық жағдайы бойынша;
- басқа да себептер бойынша ұсынылатынын атап өтеміз
«Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Заңның 12-бабына сәйкес азаматтарды дайындау ақылы, яғни ақылы негізде Әскери қызметке азаматтарды даярлау ережелері негізінде жүзеге асырылады.
Толығырақ